2020 жылы жануарларға 150 млн екпе жасалады

Agro press Agro press
Вакцинациялау үшін 120 млн ветеринарлық препараттар мен 30 мың литр дезинфекциялық құралдар сатып алынады.

Қазақстанның ветеринарлық зертханалары штаттық режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды zakon.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылы Қазақстанда 19 аса қауіпті ауруларға қарсы жануарларды вакцинациялау бойынша 150 млн-нан астам манипуляция жүргізу жоспарланған. Олардың қатарына аусыл, сібір жарасы, құтыру, пастереллез, туберкулез, ҰҚМ шешегі, құс тұмауы, оба, жұқпалы ринотрахеит және вирустық диарея, сондай-ақ эмкар, эктима, жылқының құлағы, ринопневмония, нодулярлық дерматит, ет қоректілердің эхинококкозы, лептоспироз, листериоз, ньюкасл ауруы, қойдың анаэробты энтеротоксемиясы және брадзот кіреді

Вакцинациялау үшін 120 млн ветеринарлық препараттар мен 30 мың литр дезинфекциялық құралдар сатып алынады.

Бүгінгі күні ветеринариялық алдын алу іс-шаралары жоспар бойынша жүргізіледі, ветеринариялық зертханалар штаттық режимде жұмыс істейді. Жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайы ҚР АШМ-ның тұрақты бақылауында.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз