Сырдария ауданында бұрын ауырған науқастан үш адам коронавирус жұқтырған

Хабар 24 Хабар 24
Ауру ошақтарында дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.

8 сәуірде таңертең Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының тағы 3 жағдайы белгілі болды.Олардың барлығы бұрынғы науқастармен байланыста болғандар, деп хабарлайды zakon.kz.

Барлық үш жағдай Сырдария ауданында тіркелді. Олар бұрын коронавируспен ауырған науқаспен байланысқа болғандықтан карантиндік ауруханаға жатқызылып, зертханалық талдаулар алынды. ПРЦ диагностикалық зерттеуінің нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіліп жатыр. Науқастармен байланыста болған басқа адамдар анықталды, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр, делінген Шұғыл штаб хабарламасында.

8 сәуірдегі жағдай бойынша облыста COVID-19 инфекциясы бар 69 адам анықталды: Қызылордада - 9, Жаңақорған ауданында - 16, Қармақшы ауданында - 4, Шиеліде - 35 жағдай, Сырдария ауданында - 4, Арал ауданында - 1 жағдай.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз