"90-шы жылдардағыдай". Павлодарда қаруланғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

видеодан алынды видеодан алынды
Видео сыртындағы дауыс: "Бітті, атып кетті. Тура 90-шы жылдардағыдай...", - дейді.

Павлодарлық әлеуметтік желілерде тұрғын үйдің подъезі алдында қолында мылтығы бар ер адамның жүгіріп жүрген видеосы кеңінен тарап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Бейне t.me/tipavloshock Telegram арнасында жарияланды.

Тұрғын үйдің подъезі алдында бір ер адам темекі шегіп тұр. Оның қасына қара Мерседес көлігі келіп тоқтайды. Ішінен шыққан адам көліктің артқы жүк салғышынан мылтыққа ұқсас затты алып шығады, осы кезде темекісін шегіп тұрған адам тұра қашады. Көліктен тағы екеу түседі, олардың бірі подъезд жаққа қарай беттейді. Содан кейін көлік екі метрдей алшақтау жерге барып тұрады. Бірнеше секундтан кейін подъезге кіріп кеткен екеу тапырақтап тез көлікке мініп, бәрі кетіп қалды.

Видео сыртындағы дауыс: "Бітті, атып кетті. Тура 90-шы жылдардағыдай...", - дейді.

Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі, яғни "Бұзақылық бойынша" сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Осы фактіге қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында тергеу шаралары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етілмейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз