Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты атып, етін жеген қорықшы ұсталды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынып,сот-биологиялық сараптама тағайындалды.

Алматы облысында арнайы операция барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері заңсыз аң аулаған, сондай-ақ қару мен оның оқ-дәрілерін заңсыз сақтаған "К" есімді Ұлттық табиғи саябақтың мемлекеттік инспекторын ұстады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот санкциялаған тінту барысында полиция қызметкерлері азаматтан болжам бойынша Қызыл кітапқа енгізілген "Қарақұйрықтың" етін және тіркелмеген оқтары бар ойық атыс қаруының екі бірлігін тауып, тәркіледі.

"Ұсталған азамат өзінің жағдайына байланысты бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз етуге, аң аулау ережелерін бұзудың жолын кесуге тиіс болатын. Алайда, оның орнына ол Ұлттық саябақтың аумағындағы ерекше қорғалатын аймақта жануарларды өлтірген. Осы ақпаратты алғаннан кейін жедел уәкілдер қадағалау жүргізіп, оның барлық заңсыз әрекеттерін дәлелдеді", - деп хабарлайды Алматы облысы ПД Тергеу басқармасының аға тергеушісі полиция капитаны Ернар Қалтаев.

Аталған дерек СДТБТ-да ҚР ҚК 337-бабы 4-бөлігінің 1,2,3-тармақтарымен, 287-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынып,сот-биологиялық сараптама тағайындалды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-04/thumbs/1586408195_bd39b691-aae1-48fa-948d-de5d0d091245.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-04/thumbs/1586408237_b17aedea-c9ba-4a4d-b63a-aadd67202396.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз