Қарағанды облысында коммуналдық тарифтер төмендетілді
Қарағанды облысының тұрғындары үшін сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау тарифтері төмендетілді, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Қарағанды облысының тұтынушыларына Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың ағымдағы жылдың 23 наурызындағы коронавирус жағдайы және дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі кеңесте берген тапсырмасы шеңберінде, ҚР Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның мәліметтеріне сәйкес, департамент 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап, төтенше жағдай аяқталғанға дейін Қарағанды облысы бойынша сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау қызметтеріне тарифтерді 5% төмендету бойынша жұмыс жүргізді.
Жалпы аумақ бойынша тек 1 ай ішінде үнемділік 160 млн теңгеден астам құрайды, оның ішінде қызметтер бойынша:
- сумен жабдықтау-15 млн. теңгеден астам;
- су бұру – 10 млн. теңгеден астам;
- жылумен жабдықтау-47 млн. теңгеден астам;
- электрмен жабдықтау – 85 млн.теңгеден астам.