Екі баласы мен өзінің білегін жарақаттаған әйел: Бәріне құрбым кінәлі...
Полиция өзіне және қос кішкентай баласына пышақ жұмсаған әйелдің мұндай әрекетке баруының себебін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.
Әйел өз-өзіне қол жұмсар аллдында хат жазғаны белгілі болды. Онда "мұның бәріне құрбымды кінәлі. Содан жауап алуларыңызды сұраймын" делінген.
Тергеу көрсеткендей, Әйелдер мен балаларды бейімдеу орталығында тұратын 22 жастағы құрбысымен ұрсысқан соң ол осындай оқыс әрекетке барған. Ол баларының әкесін одан қызғанған.
Тергеу сондай-ақ, 26 жастағы әйелдің 2018 жылы баласын мойындамаған бірге тұрған еркектен ажырасқанын анықтады. Содан кейін ол Қостанайға көшіп кеткен, басындағы қиын жағдайға байланысты 2018 жылдың шілдесінде "Дельфин" балалар үйіне балаларын орналастырған. Сөйтіп Қойбағар ауылына кетіп, сонда жұмысқа орналасады. Содан кейін 2019 жылдың қаңтарында ол ауданға көшіп келіп, бұрынғы еркегімен қайта көңіл жарастырады.
2019 жылдың ақпан айында әйел балаларын балалар үйінен алып кетеді.
Содан кейін ол тағы да ер адаммен ажырасып, Қостанайға көшеді. 2019 жылдың тамыз айынан қазан айына дейін әйел облыс орталығындағы Аналар үйінде тұрады, содан кейін әкімдіктің шешімімен бейімдеу орталығынан оған бөлме бөлінеді. Ол балалары үшін мемлекеттен жәрдемақы алады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аясында әйелге психологиялық және психиатриялық сараптама тағайындалады.
2020 жылы 15 сәуірде "102" шұғыл байланыс желісіне 26 жастағы әйел өзінің және екі баласының тамырларын кесіп тастағаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері әйелдің балаларына - үш жасар қызы мен екі жастағы ұлына пышақ жұмсағанын анықтады. Содан кейін ол өзінің тамырын кескен. Аталған факті бойынша полиция ҚР ҚК 24, 3, 99, 3-баптары, яғни "Адам өлтіруге оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Әйелдің өзіне қол жұмсауға әрекет жасау фактісі бойынша ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді.