Жаңалықтар тізбегі
0

Елордалық жұмыс берушілер мен бизнес өкілдері мемлекет тарапынан қолдау шаралары туралы айтты

astana.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2020 18:49 astana.gov.kz
Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының 18 сәуірдегі мәліметі бойынша 42,5 мың теңге әлеуметтік төлемді 220 мыңнан астам тұрғын алды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде төтенше жағдай кезінде уақытша табысынан айырылған азаматтарға және шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді тапсырды. Қазақстандық кәсіпкерлерге салық ауыртпалығын төмендету, несие төлемдерін кейінге қалдыру бойынша қосымша қолдау көрсетілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының 18 сәуірдегі мәліметі бойынша 42,5 мың теңге әлеуметтік төлемді 220 мыңнан астам тұрғын алды.

Төтенше жағдай кезінде қаржылай көмекті бұрын ресми жұмыс істеген адамдар ғана емес, бір жылдан бері декреттік демалыстағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдер де, сондай-ақ, студенттер де алады.

Жұмыс берушілер мен бизнесмендер бұл уақытында қабылданған және қажет шаралар деп мәлімдеді. Олар 42,5 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді қалай алғандары туралы баяндады.

Карантин енгізілуіне байланысты сауда үйлері мен бизнес-орталықтарға өз қызметін тоқтата тұруға тура келді. Мен әлеуметтік көмек ретінде мемлекет 42 500 теңге төлейтінін естідім. Өтініш беріп, бекіткеннен кейін қызметкерлерге бұл ақша төленді. Бұл нақты көмек. Оған мұқтаждардың барлығына одан тыс қалмауға кеңес беремін, – дейді, өз кезегінде, "Маркет Радио" компаниясының басшысы Павел Бондарцев.

Елордалық кәсіпкер Айнұр Әмерхан жедел әрі уақытылы азаматтарға көрсетілгенкөмек үшін ел басшылығына алғыс білдірді.

Біздің мемлекет тек жұмыскерлерге ғана емес, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын барлық тұрғындарға көмектесуге шешім қабылдады. Біз жедел өтінім бердік. Ол үшін бірнеше онлайн қызметтер іске қосылды. Біздің қызметкерлер бұл көмекті алады. Бұл үшін біздің ел басшылығы мен Үкіметіне алғысымды білдіргім келеді. Бұл жедел және уақытылы көмек, – деді ол.

Сонымен қатар А. Әмерхан Қазақстандағы ТЖ жағдайында шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау үшін қабылданған шаралары туралы айтты.

Карантин жариялағасын барлық кәсіпорындар жабылғаннан кейін, біз біраз абдырап қалдық. Не істеу керегін және қалай болуды білмедік. Себебі бізде қызметкерлер алдындағы міндеттемелерден басқа салықтар, әлеуметтік төлемдер бар. Мемлекет басшысы өз үндеуінде 1 сәуірден 1 қазанға дейін барлық салықтар жойылатынын айтты. Біз үшін бұл маңызды қадам. Осы қолдау арқасында, кем дегенде, біз өз күшімізді бизнесімізді сақтап қалу үшін шоғырландырып, жинақтай аламыз, – деп атап өтті кәсіпкер Айнұр Әмерхан.

Нұр-Сұлтан қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Айболат Есентеміровтің айтуынша, мемлекет төтенше жағдай кезінде бизнеске жедел қолдау көрсетуде.

Ең бастысы, мемлекет тоқтаусыз, мәселелердің туындауына байланысты нақты үдемелі қолдау көрсетуде. Президенттің соңғы үндеуіне сәйкес, зардап шеккен салалардың несие төлемдері үш айға кейінге шегеріледі. Бұл қалыптасқан жағдайда айтарлықтай көмек, – деп атады Нұр-Сұлтан қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Айболат Есентеміров.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: