Коммуналдық төлем бойынша қандай санаттарға көмек береді

Almaty телеарнасы Almaty телеарнасы
Call-орталықтар жұмысын сәрсенбіден бастайды.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг кезінде Алматы қаласының энергиятиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев кеңірек түсіндіріп берді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес Индустрия министрлігі коммуналдық қызмет көрсетушілерге шығындарды өтеу ережесін бекітті.

Осы Ережеге сәйкес, көмек өтініш білдірген және тұлғалардың келесі санаты бойынша жеке шоты бар адамдарға беріледі:

1, 2, 3-ші топтағы мүгедектер;
– мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
– көп балалы отбасылар;
– Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
– мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау, әскери қызмет атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
– ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер;
– атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, соның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.

– Аталмыш санаттағы тұлғалардың тізімі қазірдің өзінде дайын. Өйткені, Алматыда халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын 62 455 адам бар, олардың 22 мыңға жуығы жеке есеп шоттарға ие, – деді Ә.Масабаев.

Мемлекет сәуір және мамыр айлары үшін 15 мың теңгеден коммуналдық қызмет ақысын төлейтін болады, сондықтан өтінім беруге асықпауға болады. Өйткені, барлық өтініштер мамыр айымен қоса қабылданады. Тізімге енгізілген барлық тұтынушылар көмек алуға құқылы.

– Шығындарды өтеу ережесіне сәйкес тұтынушылар ЖСН, әлеуметтік мәртебе және жеке шот мәліметтерімен өтінім беруі тиіс, – деп атап өтті спикер.

ХӘОТ мәртебесі расталған жағдайда Энергиятиімділік басқармасы ақшаны «Алсеко» АҚ ұсынған деректерге сәйкес жеткізушілердің есеп айырысу шоттарына аударатын болады, олар өз кезегінде, есепті коммуналдық қызметтердің көлеміне пропорционалды түрде жүргізеді.

Бұдан бөлек, тұтынушы коммуналдық қызметтерді төлеген жағдайда, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді төлеу туралы түбіртекте 15 мың теңгеден кем сома болса, Жеткізуші төлемді келесі есепті кезеңге есептеу жолымен қайта есептеуді жүргізеді және тұтынушыны төлемді есепке алу туралы хабардар етеді.

Өнім беруші тұтынушыларға төлем ұсынған кезде төлем туралы түбіртекте коммуналдық қызметтердің бір бөлігін мемлекеттің өтеу сомасын көрсетеді. Әр ай үшін 15 мың төлем коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың дербес (абоненттік) шоттарына тікелей жүргізіледі.

– Көмек жоғарыда аталған санаттарға жататын, өз атына коммуналдық қызмет көрсетушімен жсалған келісім-шарты бар және карантин енгізілген елді мекенде тұратын адамдарға көрсетіледі. Коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеу тәртібі 18 сәуірде бекітілді және қазіргі уақытта әкімдіктер call-орталықтар мен өтінімдерді қабылдау бойынша ақпараттық ресурстарды құру бойынша жедел шаралар қабылдауда, – деп түсіндірді спикер.

Айта кетейік, Тұрғын үй заңының 2-бабына сәйкес коммуналдық төлемдер – су, жылу, газ, электр энергиясы, қоқыс шығару және лифт үшін төленеді деп нақтылап өтті спикер.

Коммуналдық қызмет шығындарын өтеуді алу үшін тұтынушы өзінің ХӘОТ мәртебесін жұмыс уақытында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін call-орталықтардың нөмірлері бойынша хабарласа отырып растауы қажет.: +7 (727) 339-50-15; +7 (727) 341-07-77.

Ескертеміз, бұл call-орталықтар жұмысын сәрсенбіден бастайды.

ХӘОТ мәртебесі расталмаған жағдайда тұтынушы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына жүгіне алады.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз