Жамбыл облысында анықталған екі науқас КВИ-ді Теңіз кенішінде жұқтырған

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Жалпы, 22 сәуірде Жамбыл облысында коронавирус жұқтырудың 76 жағдайы тіркелді.

Шұғыл штабтағылар Жамбыл облысындағы COVID-2019 вирусын жұқтырудың жаңа 5 жағдайы туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

21 сәуірде Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының бес жаңа жағдайы тіркелді. Олардың бірі 1986 жылғы Тараз қаласының, тағы бірі 1966 жылғы Меркен ауданының тұрғындары. Екеуі де вахталық әдіспен Атырау облысы, Теңіз ауылында жұмыс істейді. Қалған 3 жағдайдағы науқастар облыс орталығының тұрғындары, 1963, 1984 және 2014 жылы туылған тараздықтар, олар карантиндік ауруханада жатқан науқастармен байланыста болған адамдар, делінген хабарламада.

Барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Індет ошақтарына эпидемияға қарсы шаралар жүргізілді. Олармен жақын байланыста болған барлық адамдар карантиндік ауруханаға жатқызылды. Жалпы, 22 сәуірде Жамбыл облысында коронавирус жұқтырудың 76 жағдайы тіркелді. Ауруханадан 24 науқас емделіп, жазып шықты, олардың барлығы үйіне оқшауланып, медициналық бақылауға алынды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз