Қазақ мұнайы тегін боп тұр. Қиын заманға дайындала берейік

kazpravda.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2020 01:30 kazpravda.kz
Қанша жерден оптимист болсаңыздар да, қиын заманға дайындала беріңіздер.

Қазақстан билігінде өмір бойы жалғыз ғана жоспар болды, "шіркін-ай, мұнай бағасы өсе берсе екен" деген.

Іс жүзінде бізде ешқандай экономика болған емес, жаппай көзбояушылық, алдамшы экономика ғана болды. 2000 жылы басталған жақсы тренд кезінде сөйтіп келдік. Сосын 2007 жылдың дағдарысында біз қақпанға түсіп қалдық, ал содан әлі шыға алмай келеміз, деп пайымдайды блогер Бейбіт Әлібеков өзінің каналында.

2008 жылдан бастап біз тек қана кедейленіп келдік, мұнайдың шарықтаған бағалары экономикамыздың ауыр сырқатын жасыруға жақсы көмектесті. 2015 жылы бұл да бітті, артынан 2020 жылы нағыз ауру келіп, мұнай бағасын көк тиын етті. Мұнай бағасының бұл жолғы құлдырауы КСРО-ның күйреуі мен 90-шы жылдары жоқшылыққа әкелген бұрынғы құлдыраудан әлдеқайда күшті болды.

Мен мұны неге айтып отырмын. Қанша жерден оптимист болсаңыздар да, қиын заманға дайындала беріңіздер. Доллар өседі. Елдің бизнестері күйіп, жұмыссыздық деген қауіп – 2020 жылдың шындығына айналуы бек мүмкін.

Үміт бар ма? Жаһандық бейбітшілік және кей жердегі қатігездікке сенуден басқа амал жоқ. Ол үшін барша планета бірден коронавирустан жазылып кетуі керек, маңайында мұнай көп бір жерде соғыс басталуы керек, Қытай ондаған еселермен қалпына келе бастауы керек, америкалықтар әлемге саяхаттап, ақшасын жұмсап, бір-екі елдің үстіне бомба тастауы керек, Британия ЕО-қа оралуы керек.

Тура солай болса иә, Қазақстан қайтадан көңілденеді. Әзірге жағдай мәз емес.

CPC Blend деген – КТК құбырынан шығатын қазақ мұнайы, ол әдетте ресейдің Urals мұнайынан сәл қымбаттау болатын. Reuters дерегінше, ол қазір тіпті Ресей мұнайынан 6 долларлық дисконтпен сатылуда. Өйткені ол Еуропадағы негізгі тұтынушыларына қажет емес қазір. Ал Urals мұнайы Brent мұнайынан гиганттық дисконтқа сатылуда.

Қысқасы, қазақ мұнайы қазір тегін болып тұр. Енді біздің биліктің басы қатады. Карантинді ашып, экономиканы құтқару керек пе, әлде карантинді сақтап, адам жанын аман алып қалу керек пе. Бір қарағанда, бұл таңдаудың шешімі тым айқын сияқты, алайда адамдарды сақтаудың соңы халықтың толқынысына ұласып кетпейтініне еш кепілдік жоқ.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: