Қосшы ауылындағы апат жергілікті биліктің бақылауында

Ақмола облыстық ВПБ Ақмола облыстық ВПБ
Қосшы ауылы "Лесная поляна" ықшам ауданындағы "Северная" қосалқы станциясының кабельдік желісінде төтенше жағдай орын алған.

Целиноград ауданының Қосшы ауылында электр желісінде болған апат жабдықтау желілерінің физикалық және моральдық тозуының (95%) салдарынан болды, деп хабарлайды zakon.kz Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына сілтеме жасап.

Облыстық басқарманың ақпараты бойынша, Қосшы ауылы "Лесная поляна" ықшам ауданындағы "Северная" қосалқы станциясының кабельдік желісінде төтенше жағдай орын алды. 22-нен 23 сәуірге қараған түні жергілікті коммуникация қызметінің жұмысшылары кабель үзілген жерді анықтап, зақымдалған кабельді ауыстыру жұмысын бастады.

23 сәуірде түнгі сағат 2.10 уақытында төтенше жағдай жойылып, Лесная Поляна ықшамауданы мен Қосшы кентінің жеке меншік секторы электрге қосылды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-04/thumbs/1587633543_741.jpeg

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында атап өткендей, осы ауданда электрмен жабдықтаудың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін ауылдағы кабельдік желіні күрделі жөндеуден өткізу үшін құжат толтырылды.

Бұл үшін былтыр және биыл облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Электр желісінің әбден ескіргенін ескере отырып, жұмысты тездету туралы шешім қабылданды және тамыз айында жоспарланған құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау осы жылдың мамыр айының соңына ауыстырылды. Бұл жобаны іске асыру ақшамаудан тұрғындарын электр қуатымен және сапалы қызметпен қамтамасыз етеді, - деді құзырлы органның басшысы Иван Юрченко.

Айтқандай, бұл елді-мекен 19 және 21 сәуірде де жарықсыз қалып, жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз