КВИ анықталған алматылық әйел жедел жәрдем көлігі жеткенше жан тапсырған

Экспресс-К Экспресс-К
Бір апта бойына әйел ауыз жаппай жөтеліп, денесінің қызуы көтерілген.

23 сәуірде Алматыда КВИ-ден көз жұмған науқас туралы қалалық денсаулық басқармасындағылар кеңірек мәлімет жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

1957 жылғы әйел адам қайтыс болды.

Күйеуінің айтуынша, бір апта бойына әйел ауыз жаппай жөтеліп, денесінің қызуы көтерілген.

Олар учаскелік дәрігерге де қаралмаған. Үйінде өз бетімен емделген. Кеше түнде ол кенеттен тұншығып, есінен танып қалады. Содан жедел жәрдем бригадасын шақырды, - деді Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасындағылар.

Өкінішке қарай, жедел жәрдем бригадасы жеткенше әйел адам жан тапсырған.

Коронавирусқа арналған тест оң нәтиже берді. Жалпы, Алматыда Covid-19-дан 7 қайтыс болды, делінген хабарламада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз