30 сәуірге дейін қазақстандықтар депозит бойынша жылдық 15,5% сыйақы алады

Банк Хоум Кредит Банк Хоум Кредит
Ол үшін 30 сәуірге дейін депозит ашу керек.

Сәуір айының басында ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені өзгерту туралы шешім қабылдады, ал Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелерді төмендетті. Бұл өзгерістер 2020 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Осылайша, мерзімсіз депозиттер бойынша максималды сыйақы 12%-ды құрайды. Толықтыру құқығы бар депозиттер бойынша максималды мөлшерлеме қазіргі 13,4%-дан 13,0%-ға дейін төмендетіледі, толықтырылмайтын депозиттер бойынша – 15,5%-тен 14,8%-ге дейін төмендейді.

Алайда Банк Хоум Кредит атап өткендей, қазақстандықтар әлі де депозит бойынша жылына 15,5%-ға дейінгі максималды пайыздық мөлшерлеменің қызығын көре алады, ол үшін 30 сәуірге дейін банктен салым ашып үлгеру керек.

Қазіргі карантин жағдайында көпшілігіміз киноға бару, ресторан, сұлулық салоны сияқты көптеген артық шығындардан бас тарттық. "Босаған" ақшаны жастықтың астына тықпай, біздің банкке сеніп сақтауға кеңес береміз. 30 сәуірге дейін шынында да елдегі ең максималды 15,5%-дық ставкамен депозит ашуға болады, бұл болашақ жоспарларға қажет қаражат болатыны анық, - деп атап өтті банк өкілдері.

Қазір банк өз клиенттеріне тиімділігі ең жоғары жылына 15,5%-дық сыйақымен депозиттің бірнеше түрін ұсынады, өзіңізге қайсысы ыңғайлы болатынын банктің сайтында немесе Home Credit Bank Kazakhstan мобильді қосымшасында таңдауға болады. Сол жерде депозит ашуға, немесе бұрын салып қойған депозитіңіз болса, оны жаңа мөлшерлемемен қайта ашуға өтініш беруге болады.

Қауіпсіздік ережелерін елемей банкке барып, өзіңіз бен отбасы мүшелерінің денсаулығына қатер төндірмей, бәрін онлайн арқылы жасауға болады.

Айта кетсек, "Банк Хоум Кредит" бұған дейін мерзімсіз депозиттер бойынша 12,5%-дық ең тиімді депозит ұсынған болатын.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз