Күніне 4 рейс: ұшаққа анықтамасы бар жолаушылар ғана мінеді

matritca.kz matritca.kz
Тасымалдаушылар билет құнын карантинге дейінгі деңгейде ұстауға міндетті.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасындағы әуе байланысын ашудың бірінші кезеңінде күніне 4 рейс жасау жоспарлануда, деп мәлімдеді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, деп хабарлайды zakon.kz.

Тасымалдаушылар билет құнын карантинге дейінгі деңгейде ұстауға міндетті. Ал, жағдай түзелген сайын рейс санын және ұшақ сыйымдылығын арттыру мәселесі қарастырылады.

Әуе тасымалы көліктегі Бас санитарлық дәрігер бекіткен күшейтілген санитарлық талаптар арқылы жасалады.

Ұшу үшін:

- жолаушыда COVID-19 белгісі жоқ екенін растайтын анықтама болуы керек. Анықтаманың жарамдылық мерзімі пысықталуда.
- жеке қорғаныш құралдарын қолдану керек (маска, қолғап).
- қызуын өлшетіп, тиісті дистанцияны сақтау қажет.
- әуежайда және ұшақта күшейтілген дезинфекция жасалады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз