Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алматылықтарға көшеде бетпердесіз жүруге рұқсат етілді

Алайда мұны орындамағандар жауапкершілікке тартылмайды.

Сурет : Depositphotos30 Сәуір 2020, 09:34

Алматылықтарға көшеде бетпердесіз жүруге ресми түрде рұқсат берілді. Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин тиісті қаулы шығарды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бекшин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, адам бір минутта қолын бетіне 3-5 рет тигізетінін айтты.

"Адамдарға жабық ғимараттан тыс жерде бетперде тақпау ұсынылып отыр. Алайда мұны орындамағандар жауапкершілікке тартылмайды", - деп жазылған хабарламада.

Ал жабық жерлерде бетпердемен жүру шарт. Бұған құлақ аспағандар жауапқа тартылады. Қай жерде бетперде тағу керек жабық ғимараттарда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медицина ұйымдары және т.б., сондай-ақ, көлікте; вирус жұқтырмаған адам COVID-19-ға шалдығуы мүмкін адамға көмектескен кезде; коронавирус инфекциясына ұқсас ауру белгілері пайда болған жағдайда ( дене қызуының көтерілуі, жөтел, түшкіру).

Жандарбек Бекшин 22 сәуірдегі мәлімдемесінде алматылықтарға далаға бетпердесіз шығуға болатынын алғаш рет айтқан болатын. Ол осының арқасында маска тапшылығы мәселесі шешілетінін жеткізді. Бұған қоса, ашық ауада медициналық бетперденің тиімсіз болатынын айтты. Алайда бір тәулік өткен соң ол бұл сөзінінен бас тартып, жұрт дұрыс түсінбегенін жеткізді. Енді Жандарбек Бекшин алматылықтарға көшеде маскасыз жүруге болатынын құжат жүзінде бекітіп отыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер