Серік Сыдықов ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды

inform.kz inform.kz
Депутаттар оның кандидатурасын бірауыздан қолдап, дауыс берді.

Серік Сыдықов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның кандидатурасын палатаның жалпы отырысында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева ұсынды.

Конституция бойынша берілген өз құқығымды пайдалана отырып, Сыдықов Серік Сіләмжанұлын Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындауды ұсынамын. Өздеріңіз білесіздер, ол білікті және тәжірибелі заңгер. Сенат аппаратында 25 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Ол өзіне артылған жұмысты абыроймен жауапты атқарды, көптеген жылдар бойы аппарат басшылығында жоғары лауазымдағы қызметтерді атқарды, деді Дариға Назарбаева.

Депутаттар Серік Сыдықовтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, дауыс берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз