Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Шамалғандағы оқиға: Зардап шеккендерге автобус паркі мен ҚТЖ 55 млн теңге төлейтін болды

Теміржол қызметкері кінәлі деп танылды.

Сурет : Almaty.tv30 Сәуір 2020, 10:54

Сот "Қазақстан темір жолы" мен Қаскелең автобус паркіне 2019 жылдың қыркүйегінде Шамалған станциясындағы жол апаты кезінде зардап шеккендерге 55 миллион теңге төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды zakon.kz AlmatyTV-ге сілтеме жасап.

Жолаушылар пойызы мен автобустың соқтығысуына қатысты сот тыңдалымы 27 сәуірде аяқталды. Карантинге байланысты үкім онлайн режимде оқылды.

Нәтижесінде сот теміржолшы Досбатыр Ахмеджановты бір адамның өліміне және екі баланың мүгедектікке соқтырған қайғылы оқиғаға кінәлі деп тапты. Оған 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру туралы шартты жаза кесілді. Жазаны жеңілдетуге айыпталушының өз кінәсін мойындап, болған іске шын жүректен өкінуі себеп болды.

Сонымен қатар, сот жәбірленушілер - автобустың жолаушылары Эльмира Жаныбекова мен қайтыс болған жүргізушінің жары Жарғасованың азаматтық талаптарын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.

24 сәуірде WhatsApp-пен видео қоңырауға қосылу арқылы сот отырысы өтті. Сотталушы Ахметжанов бәрімізден кешірім сұрап, кінәсін мойындады. Соңғы онлайн тыңдалым 27 сәуірде өтті, онда сот айыпталушыларға үкім шығарды, сонымен бірге бізге - жәбірленушілерге өтемақы төлеу туралы шешім қабылдады. Жеке өзіме ҚТЖ мен Қаскелең автобус 5 миллион теңге төлеуі керек, ал менің балаларыма әр компания ай сайын 15 миллион теңгеден төлеуге міндетті. Егер екі аптаның ішінде олар сотқа жүгініп, соттың бұл шешімімен келіспей, шағымданатын болса, онда іс облыстық соттың қарауына жіберіледі, - деді жәбірленуші Эльмира Жаныбекова.

Тағы 15 миллион теңгені ұлттық компания марқұм болған автобус жүргізушісінің әйеліне төлеуі керек. Сонымен бірге сот оның сотталған Ахмеджанов Досбатырдан 600 мың теңге өндіріп алу туралы азаматтық шағымын да қанағаттандырды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер