Сасық суға тұншығып отырмыз! Елорда іргесіндегі Қосшы ауылындағы ағайын арнамызға шағымданды. Бюджеттің қыруар қаржысы жұмсалып, салынуына 10 жылға жуық уақыт кеткен кәріз жүйесі әлі күнге дейін іске қосылмаған. Салдарынан бірнеше көшенің тұрғындары қолқаны қабатын иіске шыдап өмір сүруге мәжбүр. Қалдық судың көптігі сонша, оншақты үйдің қабырғасы сөгіліп, құлаудың сәл ақ алдында тұр екен.
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Бұл - Қосшы елдімекенінің орталығындағы Күлтегін көшесі. Мұнда кәріз суларының қалдығы жиналып жұртты әбден әбігерге салады екен. Тұрғындардың сөзінше, қолқаны қабатын иістен әбден мезі болған олар, жергілікті биліктен еш қайыр жоқ деп отыр.
10 жылдан бері Қосшылықтарды мазалап отырған кәріз мәселесі. О баста бюджеттен 3 млрд 490 мың теңгесі жұмсалған жүйенің бүгінде тоз-тозы шығып, әлі күнге дейін іске қосылмаған. Салдарынан жүздеген отбасы сасық судың зардабын тартып келеді. Бірнеше үй құлаудың алдында тұр. Ал, тұрғындарға әкімдік бұл қиындықты өткен жылы шешіп береміз деп уәде беріпті.
Әбдімүтәліп Сүлейменов, ауыл тұрғыны:
"Әкімдік былтыр 6 июньде бітіріп береміз, бәрі жақсы жұмыс істеп тұратын болады деген. Ал, одан бері қанша уақыт өтті. Менің тұрып жатқаныма 8 жылдан асып кетті. Жылда айтатыны бір әңгіме. Жылда жолыңды қатырып беремін, суыңды қатырып беремін дейді. Ішетін суымызды біз тасып ішеміз. Мысалы."
"Уже төртінші жыл суда отырмын бала-шағаммен. Шығасыз, оң жағыңда су, сол жағыңда су, алдыңда су. Таза су болса мейлі екен. Мынаның бәрі өтірік айтпаяқ қояйын, Қосшының боқ суында отырмын десем де болады. Таңертең тұрсаңыз, есігімнің алдында үйрегім де бар, қазым да бар. Крокодилден басқасының бәрі бар".
"Әкімдіктен бір ақ нәрсе талап етеміз қазіргі уақытта. Қазір керегі, мынау канализацияны қосып берсе бізге. Мынау судың бәрі кетер еді. Көрдіңіз ба мына үйлердің барлығы суға батып жатыр. Балалар ойнап жүре алмайды. Не көше жоқ нормально. Сондықтан, мына суларды кетіру үшін, канализацияны первый очередь кетіру керек".
"Ассенизатор көлігін жібергенбіз 80 куб су шығарғанбыз. Енді, биыл по этапно сол канализацияны жібереміз. 45-ші,46-шы КНС бар, соны бұйырса 15-не осы айдың жібереміз. Бұл проблема шешіледі".
Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?