Назарбаев Университеті ғылыми зерттеулерге арналған жаңа бағдарламалар ашты

Назарбаев Университет Назарбаев Университет
Назарбаев Университеті қашықтықтан оқытуға қосылып үлгерді және оқуға түсу ережелеріне жедел түзетулер енгізді.

Пандемияға байланысты және оның салдарынан туындаған қазіргі ауыр экономикалық жағдай тіпті жоғары дамыған елдердің де осындай сынақтарға дайын емес екендігін және Қазақстан мен әлемдегі проблемалардың көпшілігі жаңа, стандартты емес шешімдерді талап ететінін көрсетті.

Осыған орай Назарбаев Университеті 20-ға жуық жаңа PhD бағдарламасын іске қосты, онда оқитын докторанттар ең өзекті мәселелер бойынша зерттеулер жүргізетін болады.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-04/thumbs/1588233150_2.jpg

Мысалы, Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің робототехника саласындағы PhD бағдарламасы технологиялық, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге үздіксіз үлес қосатын зерттеушілерді дайындайды. Атап айтқанда, медициналық робототехника саласындағы зерттеулер эндопротездеу, зияткерлік диагностика және дәрі-дәрмектерді жеткізу жүйесін қамтуы мүмкін. Сондай-ақ Университет биомедициналық ғылымдар саласында докторантураның төрт жылдық бағдарламасын іске қосты. Оның түлектері молекулалық және генетикалық биомедициналық зерттеулерді жүргізу зертханаларында, зерттеу орталықтарында жұмыс істей алады, емдеудің озық әдістерін ойлап таба алады, вирустардан вакциналарды жасай алады.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-04/thumbs/1588233124_3.jpg

Назарбаев Университеті қашықтықтан оқытуға қосылып үлгерді және оқуға түсу ережелеріне жедел түзетулер енгізді. Талапкерлер IELTS-тің орнына арзанырақ және белгілі жерге келуді талап етпейтін Duolingo ағылшын тілін білу тестін тапсыра алады. Еліміз үшін осынау белгісіз уақытта Назарбаев Университетінде оқу орнының ғылыми қоғамдастығының барлығы дағдарысты және оның салдарын табысты еңсеру үшін шешімдер іздеуге, сондай-ақ болашақтағы ықтимал сын-тегеуріндерге қарсы тұра алатын сапалы мамандарды даярлауға бұрынғыдан да көп зейін бөлуі тиіс деп санайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз