Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Бұл елде Назарбаевтың билігі шексіз екенін Айдос Үкібай жоққа шығарды

Бұл елде соңғы шешімді ел Президенті қабылдайды.

Сурет : inform.kz30 Сәуір 2020, 14:16

Өткен аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Тұңғыш Президент коронавирус пандемиясына байланысты пікірін айтып, жұмыстың стратегиялық бағыттарын атап өтті. Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай енді Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысы туралы ресми тілде МИА "Казинформ" агенттігіне сұхбат беріпті.

- Айдос Ыдрысұлы, елде ТЖ жарияланғалы біраз уақыт өтті, ал Қауіпсіздік Кеңесі тек өткен аптаның соңында отырыс өткізді. Оған дейін Кеңес немен айналысқан?

- Қауіпсіздік Кеңесінің рөлі – ел ішіндегі саяси тұрақтылықты сақтау, елдің конституциялық құрылымы мен мемлекеттік тәуелсіздікті сақтап қалу. Қауіпсіздік Кеңесі осы салалардағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізетін үйлестіруші орган.

Қауіпсіздік Кеңесі коронавирусқа қарсы күрес мәселелерін ақпан айында-ақ, қауіпті инфекция КХР аумағынан әлі шықпай тұрған кезде қарастырған. Кеңес отырысында коронавирус пандемиясының қатері туралы айтылып, Үкіметке пандемия мен экономикалық дағдарысқа дайындалу шараларын қабылдау ұсынылған. Соның арқасында дер кезінде қимылдап, болуы мүмкін ауыр салдарларды барынша азайта алдық.

Қазір Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Үкіметпен бірлесе ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысына белсене араласуда.

Осы Комиссия жұмысының аясында Қауіпсіздік Кеңесі төтенше жағдай кезеңінде заңдылықтың сақталуы, қоғамдық тәртіптің қамтамасыз етілуі және азаматтардың қауіпсіздігі сияқты мәселелерді ерекше бақылауға алып отыр.

- Сонда Қауіпсіздік Кеңесі қазір өкілеттігі шексіз "супер-мемлекеттік орган" болып кетті ме?

- Бұл "мифті" мен бүгін жоққа шығарайын деп отырмын. Қоғамда осындай сұрақ көптен бері бар, мен түсіндіріп көрейін. "ҚР Қауіпсіздік Кеңесі туралы" Заңға сәйкес, Қауіпсіздік Кеңесі Президент құратын және ҚР ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуді үйлестіретін конституциялық орган болып табылады.

Қауіпсіздік Кеңесінің стратегиялық сипаты мен айрықша мәртебесін атап өте отырып, мен оның мүшелері құрамына назар аударғым келеді. Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына мыналар кіреді: Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы болып отырған ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, ҚР Президенті, Парламент Сенаты пен Мәжілісі төрағалары, Премьер-Министр, Президент Әкімшілігінің жетекшісі, Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Бас прокурор, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы және қорғаныс министрі, ішкі істер және сыртқы істер министрлері.

Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің бәрі жоғары лауазым иелері, ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша шешім қабылдау дауыс беру арқылы қабылданады.

- Қазақстандағы кей адамдар Елбасы ел саясатына араласпайды дегенге сенбейді. Өйткені Нұрсұлтан Әбішұлы Қауіпсіздік Кеңесінде төраға болып отыр, басқа да билік институттарында өз орнын сақтап қалды. Бұған не дейсіз?

- Дұрыс айтасыз, Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, "Nur Otan" партиясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы. Сол себепті ол Мемлекет басшысымен бірге елдің саяси өміріне белсене араласып, елдің стратегиялық дамуы мәселелерімен айналысып жүр. Бірақ соңғы шешімді ел Президенті қабылдайды. Қауіпсіздік Кеңесі өз кеңестерін әзірлеп, шешім қабылдауы үшін Мемлекет басшысына ұсынады. Бірде шетелдік сарапшылардың бірі маған "Назарбаев" және "Қазақстан" деген бір-бірінен ажырамас түсінік сияқты көрінеді деген. Менің айтпағым, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі Қазақстанның кешегі тарихы, бүгінгі күні мен ертеңгі болашағымен байланысты бола береді. Бұл аксиома. Елбасы қызметі мен мәртебесіне қарамастан өзінің өткен ғұмырын өз Отанының қалыптасуы мен дамуына арнады, қалған ғұмырын да Қазақстанның гүлденуі мен ел азаматтарының жағдайын түзетуге арнауын жалғастырады. Нұрсұлтан Назарбаев өзіне кеңес сұрап Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, министрлер мен әкімдер жиі хабарласатынын жоққа шығармайды. Жекелеген сұрақтар бойынша Елбасының өзі мемлекеттік органдардың басшыларына қоңырау шалып, солардың құзырына қарайтын салалар мен өңірлердегі жағдайды сұрайды. Мысалы, өткенде ол әрбір облыс әкіміне қоңырау шалып, бірнеше сағат сөйлесті.

- Әкімдермен не мақсатпен сөйлесті?

- Нұрсұлтан Назарбаев ел өңірлеріндегі халықтың жағдайын сұрады ең алдымен. Жұмыс орындарын сақтап, әлеуметтік топтарды қолдауды күшейту керектігін айтты. Волонтерлер мен партия мүшелерінің жұмысы туралы сұрады, олардың денсаулығына алаңдаушылық білдірді. Сол кезде көптеген волонтерлер мен партия мүшелері мұқтаж жандарға азық-түлік пен қажетті тауарлар таратып жатқан еді. Телефон арқылы сөйлескенде Тұңғыш Президент пандемияға қарсы күреске жабыла жұмылған әкімдер мен барша активті моральдық жағынан қолдауға тырысты. Елбасымен сөйлескен соң әкімдердің көңілдері қатты көтеріліп, бір шабыттанып қалды. Не істеріңді білмейтін қиын сәттерде қарапайым қолпаштау сөздердің өзі адамның "екінші демін ашып", үлкен ерліктерге ынталандыра алады. Мұны Нұрсұлтан Әбішұлы жақсы біледі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер