Асқар Мамин Шымкент пен Түркістанды дамыту жобаларын тексерді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2020 23:08 Сурет: zakon.kz
Премьер-Министр Түркістанда жаңа халықаралық әуежайдың және оған апаратын автомобиль жолының құрылыс қарқынымен танысты.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Шымкент пен Түркістан қалаларының көлік және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысын тексерді, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкентте Үкімет басшысына биылғы желтоқсанға дейін салу көзделген, өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыны құрайтын халықаралық әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылыс барысы туралы баяндалды.

Премьер-Министр Түркістанда жаңа халықаралық әуежайдың және оған апаратын автомобиль жолының құрылыс қарқынымен танысты. Нысан облыс орталығынан 16 шақырым жерде орналасқан және биылғы қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 млн жолаушыны құрайды деп көзделген.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2020 23:08

А. Мамин Конгресс-холлдың, 7 мың орынға шақталған стадионның, Оқушылар сарайының, бассейні бар спорт кешенінің, аттракциондары бар қала саябағының, драма театрының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың, "Ұлы дала елі" орталығының, Қ. А. Яссауи музейінің және Тұңғыш Президент саябағының құрылыс алаңдарында болып, Ұлы Жібек жолы қолөнершілерінің ұлттық орталығының ғимаратын реконструкциялау барысын тексерді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2020 23:08

Үкімет басшысы әрқайсысы 120 бөлмеден тұратын "Rixos Turkestan" және "Hampton by Hilton" қонақ үйлерінің, сондай-ақ "Sembol construction" түрік компаниясы салып жатқан "Керуен сарай" көпфункционалды туристік кешенінің құрылысы барысымен танысты. Аталған барлық қонақ үй-туристік нысандарын осы жылы пайдалануға беру жоспарда бар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2020 23:08

Премьер-Министрге "Әзірет Сұлтан" музей-қорығын абаттандыру жоспары таныстырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: