Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Павлодар облысында заңсыз балық аулаған екі тұрғын ұсталды

Олар мас күйде ешқандай режимге қарамай, түн жарымында қармақтарын алып өзен жағасына жайғасқан.

Сурет : polisia.kz30 Сәуір 2020, 18:18

Павлодар облысында екі ер адам заңсыз үш келіден астам балық аулағаны анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz порталының хабарлауынша, 29 сəуір түнгі сағат 23.30-да рейдтік тексерулер өткізу барысында, Тереңкөл ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен, Ынталы ауылының жанындағы Ертіс өзенінің төгілімінде 35 жəне 39 жастағы екі тұрғын ұсталды.

Олар мас күйде, өңірде енгізілген өзін-өзі сақтау режиміне қарамастан, балық аулақ мақсатында түн жарымында қармақтарын алып өзен жағасына жайғасқан. Екі ер адам табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын бұзып, браконьерлік тəсілмен сүйрікті пайдалана отырып, балық аулаған. Жеке заттарын тінту барысында балықшылардан қолдан жасалған рюкзак, бес дана торлы ау, үш келіден астам шортан жəне ақтабан тұқымды екі түрлі балық, сонымен қоса екі батпаққа киетін резеңке киім табылып, тәркіленді.

Аталмыш факт бойынша бұл тұлғалар ҚР ƏҚБтК 383-бабы 3-тармағы бойынша жауапқа тартылып, материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Полиция қызметкерлері балықшыларға коронавирус індетіне байланысты енгізілген ерекше жағдайда балық аулауға тыйым салынғандығын ескертеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер