Жаңалықтар тізбегі
0

Сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2020 19:04 zakon.kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды.

Тоқаев Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды", делінген Ақорданың ресми сайтында.

Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы

Туған жылы: 07.05.1963

Туған жері: Қарағанды облысының Теміртау қаласы

Отбасылық жағдайы:

· Әкесі: Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы, анасы: Назарбаева Сара Алпысқызы

· Балалары: ұлдары - Алиев Нурали Рахатұлы (1985 ж.т.), Назарбаев Айсұлтан Рахатұлы (1990 ж.т.); қызы - Алиева Венера Рахатқызы (2000 ж.т.)

Білетін тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, итальян

Білімі, ғылыми дәрежесі:

1980-1983 жылдары М.В.Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінде оқыды.

1983-1985 жылдары С.М.Кирова ҚазМУ тарих факультетінің студенті.

1985-1987 жылдары М.В.Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінің тағлымдамадан өтуші-зерттеушісі.

1987-1990 жылдары М.В.Ломоносов атындағы ММУ аспиранты.

1991 жылы - тарих ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: "1947 жылғы республикалық конституцияны қабылдаудағы Италияда саяси күрес";

1998 жылы - саяси ғылымдар докторы, диссертация тақырыбы: "ТМД елдерінің саяси жүйелерін демократияландыру: тәжірибесі, мәселелері, басымдықтары".

Еңбек өтілі:

1992-1994 жылдары "Бөбек" балалар қайырымдылық қорының вице-президенті.

1994-1995 жылдары "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясының вице-президенті, "Хабар" ұлттық телевизиялық ақпараттық агенттігінің директоры.

1995-1998 жылдары "Хабар" агенттігі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры.

1998-2001 жылдары "Хабар" агенттігі ЖАҚ президенті.

2001-2004 жылдары "Хабар" агенттігі" ЖАҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

2004 жылғы 19 қыркүйек-2007 жылғы 20 маусым аралығында - Қазақстан Республикасының III сайланған Парламенті Мәжілісінің депутаты ("Асар" республикалық партиясының тізімі бойынша), 2005 жылдың ақпан айынан 2007 жылдың 20 маусымына дейін – "Аймақ" депутаттық тобының жетекшісі.

2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының директоры.

2012 жылғы 20 қаңтар-2015 жылғы қыркүйек аралығында - Қазақстан Республикасының V сайланған Парламенті Мәжілісінің депутаты ("Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының тізімі бойынша), Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы.

2014 жылғы 3 сәуір - 2015 жылғы қыркүйек аралығында - Қазақстан Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары, "Нұр Отан" фракциясының жетекшісі.

2015 жылғы 11 қыркүйек - 2016 жылғы 13 қыркүйек аралығында - Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары.

2016 жылғы 13 қыркүйек - 2019 жылғы 20 наурыз аралығында - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комитетінің төрағасы.

2019 жылғы 20 наурыздан бастап-Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы.

2019 жылғы 2 қыркүйектен бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы.

Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі;
Қазақстан гимнастика федерациясының құрметті президенті;
Халықаралық телевизиялық өнер және ғылым академиясының директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі (Нью-Йорк);
Еуразиялық стратегиялық зерттеулер орталығының бұрынғы президенті (Мәскеу);
Еуразиялық телевизия академиясының бұрынғы вице-президенті (Мәскеу);
Еуразия телефорумы ұйымдастыру комитетінің бұрынғы тең төрағасы (Мәскеу);
Халықаралық "Еуразия" экономикалық академиясының бұрынғы мүшесі;
Қазақ гуманитарлық "Дегдар" қоры қамқорлық кеңесінің бұрынғы төрағасы;
"Қазақстан жастар конгресі" ЗТБ кеңесінің төрағасы;
Дүниежүзілік орыс баспасөзі қауымдастығының вице-президенті;
"Жастар таңдауы" РҚБ қамқоршылық кеңесінің төрағасы.

Марапаттары:

Қазақстан Республикасының "Парасат" ордені (желтоқсан, 2004 ж.)
II дәрежелі Барыс ордені (желтоқсан, 2013 ж.)
Өнер және әдебиет орденінің иегері (Франция, сәуір, 2009 ж.)
"Астана" мерекелік медалі (17 тамыз,1998 ж.)
"Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" мерейтойлық медалі (2001 ж.)
"Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" мерейтойлық медалі (7 қараша 2005 ж.)
"10 жыл Астана" мерейтойлық медалі 6.05.2008 ж.
"Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық медалі 10.11.2011 ж.
ТМД ПАА "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының медалі. 20 жыл" Күміс. (27 наурыз 2012 ж.)
"Нұр Отан" ХДП "Белсенді қызметі үшін" медалі (03 мамыр 2013 ж.)
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің "Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін" медалі (30.08.2013 ж.)
"Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл" медалі (14 мамыр 2015 ж.)
"Қазақстан Конституциясына 20 жыл" медалі (5 тамыз 2015 ж.)
"Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл" мерейтойлық медалі 29.11.2016 ж.
ТМД ПАА "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының медалі. 25 жыл" 27.03.2017 ж.
"Астанаға 20 жыл" мерейтойлық медалі. 20 маусым 2018 ж.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: