Жаңалықтар тізбегі
0

Әбден ашынған неміс дәрігерлері тыр жалаңаш шешініп, суретке түсті

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2020 23:20 pixabay.com
"Мүмкін осыдан кейін билік коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу кезінде аса қажетті қорғаныс заттарымен дәрігерлерді қамтамасыз етер" деп үміттенеді олар.

Германияда дәрігерлер қорғаныс құралдарының, маскалар мен жұмыс киімдерінің жеткіліксіздігіне байланысты наразылық акциясын бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Шетелдік дәрігерлер жұмыс орындарында ұятты жерін ғана бүркемелеп, тыр жалаңаш суретке түсті, деп жазады starhit.ru.

Дәрігерлер бұл флешмобқа "Жалаң ойлау" деп ат берді. "Мүмкін осыдан кейін билік коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу кезінде аса қажетті қорғаныс заттарымен дәрігерлерді қамтамасыз етер" деп үміттенеді олар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2020 23:20

Жалаңаштану - бұл біздің қорғаныссыз қаншалықты осал екендігіміздің белгісі, - дейді акцияға қатысқан терапевт Рубен Бернау.

Біз - сіздердің отбасылық дәрігерлеріміз. Сіздерді емдеу үшін бізге қорғаныс құралдары қажет. Ал ол жоқта біз, міне тура суреттегідей болып көрінеміз, - дейді дәрігерлердің бірі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2020 23:20

Неміс дәрігерлері пандемиямен күресте өздерін жемтік сияқты сезінеді. Бірақ соған қарамастан әлі де коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуді жалғастыруға мәжбүрміз.

Дәрігерлер "маскаларды өздерін тігіп алыңдар" деген ұсынысқа да ашулы. "Біз жараларды тігеміз, неге масканы тігуіміз керек", - деп режиді мамандар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2020 23:20

Германияда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 164 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Қайтыс болғандар саны - 6736, емделіп, ауруханадан жазылып шыққандары - 129 мың.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: