Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысындағы ТЖ: Қазақстан Өзбекстанмен арадағы шекараны ашады

Түркістан облыстық әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2020 16:24 Түркістан облыстық әкімдігі
Жағдай тұрақтанғаннан кейін олар біздің облысқа келіп, көмектесетін болады. Біз өз тарапымыздан оларға шекарадан өтуге рұқсат беруіміз керек, - деді Шөкеев.

Өзбекстан мен Қазақстан Түркістан облысындағы су тасқынының зардабын жоюда тығыз ынтымақтастықта бірлесіп әрекет етіп жатыр, деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев. Облыс басшысы жағдай тұрақталған соң Қазақстан Өзбекстанмен арадағы шекараны ашады, деп хабарлайды zakon.kz.

1 мамырда Өзбекстандағы дамбаның жарылуы салдарынан шекарада орналасқан коллекторлар суға толып, ернеуінен асты. Су тасқынына байланысты өңірде техникалық төтенше жағдай жарияланды. Бүгінгі күні 14 елді-мекеннен 31606 тұрғын эвакуацияланды. Бес елді-мекен су астында қалды, 7 елді-мекенге төніп тұрған қауіп әлі де бар, Мырзакент пен Ақжол сынды екі елді-мекенде су тасқыны қаупі жоқ, сондықтан бұл ауыл тұрғындары үйлеріне оралды, - деді Шөкеев.

Ол 2 мамырда жедел штаб құрылып, су тасқынымен күреске 986 адам мен 180 дана техника жұмылдырылғанын еске салды. Ұлттық гвардиядан Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласынан су сорғылары жеткізілді, 413 әскери және 37 дана техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, Ұлттық ұлан Алматыдан 323 әскери қызметкер мен 26 дана техника әкелді. 19 эвакуациялық пункт ашылды.

Әкімнің айтуынша, төтенше жағдайдың салдарынан алдын ала болжам бойынша, бүгіндері 845 үй, 3 мектеп, 5 балабақша, 4 медициналық нысан, 1 мәдениет үйі су астында қалды.

- Сондай-ақ Жеңіс ауылындағы көпірді, ұзындығы 54,7 км болатын облыстық тас жолды да су шайды. Сонымен қатар, 7 639 га егіс алқабы су астында қалды. Бүгін біз шығындарды есептеп жатырмыз. Осыдан кейін біз қосымша есеп береміз, - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, бүгінгі күнге дейін су басқан аудандардың мүлкін қорғау үшін 8 жол бөгеті салынды.

Біз Өзбекстанда болдық, әріптестерімізбен сөйлестік, қауіпті жерлерді қарастырдық. Қоғалы елді-мекенінің айналасынан біз қосымша арна жыртамыз. Бұл туралы кеше келісілген болатын. Жалпы, Өзбекстан мәселе шешімінде бізбен тығыз ынтымақтастықта. Жағдай тұрақтанғаннан кейін олар біздің облысқа келіп, көмектесетін болады. Біз өз тарапымыздан оларға шекарадан өтуге рұқсат беруіміз керек, - деді Шөкеев.

Естеріңізге сала кетейік, наурыздың ортасында Қазақстан мен Өзбекстан коронавирустың таралуын тежеу ​​мақсатында шекараларын жауып тастаған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: