Біртанов еліміздегі коронавирус індеті бойынша Үкіметте есеп берді

liter.kz liter.kz
Оның айтуынша, бүгінгі таңда елімізде COVID-19 - жаңа вирусын жұқтырған 4 049 науқас тіркелген.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі коронавирус инфекциясының жағдайы бойынша Үкіметте есеп берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда елімізде COVID-19 - жаңа вирусын жұқтырған 4 049 науқас тіркелген.

Өткен тәулік ішінде республикамызда 129 оқиға тіркелді, яғни өсім 3,3% -ға артты. Оның 84 -і, яғни 65% профилактикалық тексеру кезінде анықталды, 36 науқас өздері медициналық көмекке жүгінген", - деді Біртанов Үкімет отырысында.

Жаңа жағдайлардың ең көбі Алматыда - 33, Батыс Қазақстан облысында - 20, ал ең үлкен өсім Маңғыстау облысы еншісінде: 13,8%.

Кеше екі адам қайтыс болды. 29 кісі өлімі тіркелді, 1173 адам емделіп, жазылды, 2847 науқас әлі емделіп жатыр. Өткен тәулікте 13 550 тест сыналды, скрининг үшін 4500 тест өткізілді, - деді ол.

Премьер-Министр Асқар Мамин елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанын атап өтті және осы қарқыны ұстап тұруды тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз