Жаңалықтар тізбегі
0

Журналист Ирина Советжанқызының құқығын Айман Омарова қорғайтын болды

Ашық дерекөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2020 23:59 Ашық дерекөздерден алынды
Бүгіндері олар журналисттен кешірім сұрамақ түгілі, әлі де журналистті сыртынан дәлелсіз айыптап, жалған ақпарат таратты деген мәлімет таратуда - Айман Омарова.

Журналист Ирина Советжанқызының құқығын белгілі адвокат Айман Омарова қорғайтын болады, деп хабарлады zakon.kz.

Бұл туралы журналисттің өзі мәлімдеп, Facebook-тегі парақшасына адвокатының видеосын жариялады. Видеода адвокат журналисттің беделіне нұқсан келтірген тарапқа қарсы тұратындығын айтады.

"Мен Ирина Советжанқызының мүддесін қорғайтын боламын. Оның үстінен Алматыдағы №12 қалалық клиникалық ауруханасы шағым түсірген. Онда осы мекеме басшысы Жувашев қол қойып, растаған ресми өкіл Абдолқасымова журналисттің өздері туралы "жалған ақпарат таратты" деп айыптайды. Осыған байланысты арызданушы тарап Ирина Советжанқызына қатысты қылмыстық іс қозғауды сұрайды. Алайда Ирина Советжанқызы жалған ақпарат таратпаған, ол қандай да бір мәліметтерсіз, нақты дерек көздерінсіз, әрине ақпарат тарата алмайды, бірақ оның қолында мұның бәрі болған. Ақыры не болды дейсіздер ғой. Сотқа дейінгі бірыңғай тізіліміне бұл факті қылмыстық іс ретінде тіркелген жоқ, тек номенклатуралық өндіріс ретінде қабылданып, жойылды", - дейді Омарова.

Міне, осымен іс тынған да болуы керек еді. Алайда, адвокаттың айтуынша, арызданушы тарап журналисттің ары қарайғы жұмысына кедергі келтіріп жатқан көрінеді.

"Журналист өз жұмысын жалғастырып, коронавирус тақырыбы маңайында сюжеттер жасауда. Сол секілді бүгінгі күндері ауруханаларда не болып жатқандығы туралы мазмұнды сюжеттер даярлаумен шұғылдануда. Алайда Алматыдағы Денсаулық сақтау басқармасы оған қысым жасап, кедергі келтіруде. Біз солай деп есептейміз. Бүгіндері олар журналисттен кешірім сұрамақ түгілі, әлі де журналистті сыртынан дәлелсіз айыптап, "жалған ақпарат таратты" деген мәлімет таратуда. Мен қайталап айтамын, ол жалған ақпарат таратпаған әрі оның ісінде ешқандай қылмыстық құрам жоқ. Мен тек Алматыдағы Денсаулық сақтау басқармасына бір сұрақ қойғым келеді: "Егер сіздерде бәрі жақсы, бәрі дұрыс болса, онда неге бір мақалаға бола осынша бүлінесіздер". Сөз соңында айта кетейін, Ирина Советжанқызы өз жұмысын жалғастырып, қолға алған денсаулық саласына қатысты тақырыптарды ары қарай зерттеумен шұғылдана беретін болады", - дейді адвокат видеода

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: