Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Түркістанда әуе шабуылы дабыл белгісі қосылып, елді шошытып жіберді

Қазіргі таңда қателік жіберген департаменттің лауызымды қызметкерлеріне қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп, тәртіптік шараға тартылатын болады - ресми өкіл.

Сурет : inform.kz6 Мамыр 2020, 10:16

Кеше таңертең төтенше жағдайлар қызметінің мамандары Түркістан қаласының тұрғындарын аяғынан тік тұрғызды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Шамамен 8-ден 50 минут өткенде, дауыс зорайтқыш арқылы әуе шабуылы басталғаны туралы дабыл қағылған. Тұрғындар, бұл күнделікті коронавирустан сақтану туралы хабарландырудан қатқыл әрі үрейлі шыққанын әлеуметтік желіде жарыса жазды. Онда соғыс жылдары радиодан күнделікті майдан жаңалықтарын оқыған танымал диктор Юрий Левитанның дауысымен әуе шабуылы басталғанын және қала тұрғындарына тезірек қауіпсіз жерге жасырыну керектігі ескертілген.

Тұрғындарының көпшілігі бұл хабарламаны күнделікті қауіпті індетке қатысты дабыл деп қабылдағандарын айтады. Алайда бүгінгідей қиын кезде елді дүрліктіретін жалған ақпарат таратушыларды жауапкершілікке тарту керек дегендер де бар.

Талғат Досалиев, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы:

– Түркістан қаласының халқын қауіпті індетке байланысты алдын алу шараларын жүргізу мақсатында арнайы дайындалған дыбыстық жазбаның орнына дабыл сиренасы қосылған. Қазіргі таңда қателік жіберген департаменттің лауызымды қызметкерлеріне қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп, тәртіптік шараға тартылатын болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер