Ресейден келген екі студенттен коронавирус анықталды

Tass.ru Tass.ru
Қазір олармен тығыз байланыста болған адамдар анықталып жатыр.

6 мамырда сағат 12: 25 уақытындағы жағдай бойынша, Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы екі жағдайы тіркелгені белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

COVID-19 - жаңа вирусы Ақтаудың екі тұрғынынан табылды. Олар - Ақтау қаласына Астраханнан келген 1999 жылғы қыз бен 2000 жылғы жігіт. Студенттер қазір Ақтау облыстық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Бұл азаматтар сырттан келген кезде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар орындалды. Сондықтан олар жергілікті тұрғындармен байланыста болмаған, деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл тобы.

Олардың тығыз байланыс ортасы анықталып, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясының 90 жағдайы тіркелген, оның ішінде 10 науқас емделіп, ауруханадан жазылып шықты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз