Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Мамыр айының соңына дейін КВИ бойынша тестілеу көлемін тәулігіне 25 мыңға арттырмақ

Стационарлық емдеуде 2 897 науқас қалып отыр. Олардың 85% -ның жағдайы тұрақты, 14% - орташа ауыр жағдайда. 25 науқастың жағдайы ауыр, ал алтауынікі - өте ауыр.

Сурет : strategy2050.kz6 Мамыр 2020, 15:33

Мамыр айының соңына дейін коронавирус инфекциясына тестілеу мүмкіндігін күніне 25 мың тестке дейін арттыру көзделіп отыр, деп мәлімдеді Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев ОКҚ-да өткен брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.

КВИ, негізінен профилактикалық тексерулер кезінде көп анықталып жатыр. Яғни, оның үштен екісі скрининг арқылы анықталады. Барлық анықталған жағдайларда ауру белгісі жоқ. Жалпы, тестті сынау қабілеті тәулігіне 19 мыңға дейін өсті. Айдың аяғында оны күніне 25 мыңға дейін арттырмақпыз, - деді Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, соңғы тәулікте КВИ-дің 156 жаңа оқиғасы тіркелген. Соңғы 2 аптада аурудың өсімі 7% -дан аспаса, ал соңғы үш күнде 4% -дан аспады.

Жалпы, оның ақпараты бойынша, КВИ-дің қазіргі эпидемиологиялық жағдайы келесідей: 4 298 жұқтыру оқиғасы тіркелген. Оның тең жартысы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына тиесілі. 1 279 науқас емделіп, ауруханадан жазылып шықты.

Стационарлық емдеуде 2 897 науқас қалып отыр. Олардың 85% -ның жағдайы тұрақты, 14% - орташа ауыр жағдайда. 25 науқастың жағдайы ауыр, ал алтауынікі - өте ауыр. Жасанды ауа жіберу аппаратына 7 науқас қосылған. Жалпы, эпидемияның барлық кезеңінде 30 науқас қайтыс болды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер