Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алматыда Мәңгілікке алауға жібермей қойған ардагерден әкімдік өкілдері кешірім сұрады

Желі қолданушылары кезекшілікте тұрғандарды сөкті.

Сурет : Pixabay10 Мамыр 2020, 19:31

Алматы әкімдігінің өкілдері 9 мамырда Мәңгілік алауға өткізбей қойғаны үшін ардагерден кешірім сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қолайсыз оқиға 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябағында орын алған. Видео Инстаграмдағы ZTB QAZAQSTAN парақшасында жарияланды.

Видеода кезекші топтан ардагердің жанындағы адамдар ол кісіні Мәңгілік алауға жіберуіне, гүл шоқтарын қоюын рұқсат сұрап жатқаны көрсетіледі. Бірақ ешқандай жылы рай байқалмағандықтан ардагер қолындағы гүл шоқтарын сол кезекшілерге беріп, кетіп қалады.

Видео астында пікір жазушылардың көбісі кезекшілердің әрекеттерін айыптап, ардагерге қолдау білдірді.

Sputnik Қазақстан хабарлағандай, кейіннен әкімдік өкілдері ардагерге өздері келіп, кешірім сұрады, ол кісіні мемориалға ертіп алып барған.

"Кешіріңіз. Бұған біз кінәліміз, бұл ыңғайсыз жайт коронавирусқа байланысты болды", - деді Алматы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Есенбеков.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер