Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайда бейтаныс ер адам бетін қайтарған қызды ұрып жіберген

Facebook Dina Tansari, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2020 17:22 Facebook Dina Tansari
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының полиция қызметкерлері Лаура Сүндетке психологиялық қолдау көрсетеді.

Қостанай қаласының тұрғыны Лаура Сүндет өзіне бейтаныс адамның қырындап, жақындамақ болғанын айтты. Ол оның бетін қайтарамын деп таяқ жеген. Полиция "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Лаура Сүндеттің айтуынша, ол 10 мамырда құрбысының үйіне қонаққа келген. Ол арада бейтаныс бір адам оған тиісе бастаған. Айтқанына көнбегенінде ер адам қыздың бетінен ұрған.

"Мен бұл мәселені көпшілікке жария еткім келетін себебі, ол маған физикалық және психикалық тұрғыда залал келтірді. Оның үстіне біздің ержүрек полициямыз соңында менің өзімді кінәлі етіп шығармасы үшін де осылай етуге мәжбүрмін. Егер біреу мені қорлап жатса, оған "жоқ" деп айтуға және әділеттілікке жүгінуге менің толықтай құқығым бар", - дейді ол видеода.

Қостанай облысы полиция қызметкерлері " Сексуальдық сипаттағы зорлық-зомбылық" бабына сәйкес, қызды қорлау және ұрып-соғу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қажетті тергеу амалдары жасалуда.

Қостанай облысының ПД тергеу басқармасы қылмыстық істі тергеуді бақылауға алды. Сонымен қатар, бұл оқиғаға қатысушылардың барлығы төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының полиция қызметкерлері Лаура Сүндетке психологиялық қолдау көрсетеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: