Мереке күндері Ақтауды шулатқан күдікті-педофил қамауға алынды
Ақтауда 2005 жылғы кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Маңғыстау облысы ПД мәліметінше, қыз баланың анасының арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу 8 мамырда басталған.
Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті табылды, ол ҚР Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бабының 1.2-тармағында көзделген, яғни кәмелетке толмаған баланы зорлау (белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 17 жылға дейін бас бостандығын шектеу) және 122 баптың 3-бөлігі, (16 жасқа толмаған жаспен жыныстық қатынас, 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру) бойынша қылмыстық істер қозғалды, делінген хабарламада.
10 мамырда сот күдіктіге қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Бұл жағдайда қажетті сараптама тағайындалды.
11 мамырда WhatsApp арқылы осы аталған істегі күдікті мен жәбірленушіге қатысты жеке деректері бар хабарлама тарай бастаған.
12 мамырда полиция бөлімі анықталмаған тұлғаға қатысты жеке адамның өміріне қол сұғушылық бойынша (ҚК 147-бабының 5-бөлігі) қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу және жедел іс-шаралар жүргізілуде.
Бұл істердің тергеу барысы облыс прокурорының ерекше бақылауына алынды.
Желіде мереке қарсаңында қала тұрғындарын жаппай қамауға алынып жатқан видео тараған. Кейбір мәліметтерге сәйкес, бұл ұстау оқиғасы жоғарыдағы жайтпен тығыз байланысы бар көрінеді.