Жаңалықтар тізбегі
0

Құмар ойынға әуес адамдар өз өзіне арыз жаза алады

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2020 18:27 видеодан кадр
Заңжоба аясында тігілген бәсті есепке алу орталығы құрылмақ.

Казино, букмекерлік кеңселерден шықпайтын қазақстандықтарды бұл жаман әдетінен туыстары құтқара алады. Мәжіліс депутаттары ойын бизнесі туралы заң жобасымен де танысты. Құжатты төменгі палатадағыларға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова таныстырды.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Оған сенсек, құмар ойындарға әуес адам бұл теріс қылығымен күресуге әлі жетпесе өзіне өзі арыз жаза алады. Бұл бір тұтам қағаз кейіннен оны казинодан шектеп, еш ұтыстарға қатыстырмауға да қауқарлы. Ал, егер бәс тігуге құмар адам өз әлсіздігін мойындамаса, туыстары құзырлы органға дәл осы өтінішін беріп, жақынын қыруар қаржы жоғалту мен қарызға батудан құтқара алады екен. Сондай-ақ заңжоба аясында тігілген бәсті есепке алу орталығы құрылмақ.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

"Онда букмекерлік кеңсеге қолма-қол немесе электрондық төлем жүйелері арқылы түсетін барлық түсімдер ескерілетін болады. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар барлық түсімдердің бірыңғай есебі көлеңкелі айналымды болдырмауға, салықтардың жиналуын арттыруға, бақылауды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа бәс тігуге қатысушылардың деректер қоры, жалпыға бірдей декларациялауды енгізуді, бәс тігуге қатысатын клиентті шектеу және клиенттің өзін-өзі шектеу рәсімін енгізуге ықпал ететін болады".

Айта кетейік, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі құмар ойындарды дерт деп таныпты. Сондықтан алдағы уақытта қалалардағы барлық букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар ойын аймақтары саналатын Ақмола облысындағы Бурабай курорты мен Алматы облысындағы Қапшағай қаласына көшірілуі мүмкін. Заң жобасындағы өзгерістерді мәжілістегілер құптап, құжатты бірінші оқылымда мақұлады. Енді ол сенатқа жол тартпақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: