Жаңалықтар тізбегі
0

Елбасы Нығматулинді қабылдады

ҚР Тұңғыш Президентінің сайты, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2020 04:36 ҚР Тұңғыш Президентінің сайты
Назарбаевқа Парламент Мәжілісіндегі "Nur Otan" фракциясының қазіргі қызметі мен партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруды бақылау барысы туралы ақпарат ұсынылды.

Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Парламент Мәжілісіндегі "Nur Otan" фракциясының қазіргі қызметі мен партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруды бақылау барысы туралы ақпарат ұсынылды.

Н.Нығматулиннің мәліметі бойынша, Мәжілістің қарауындағы 137 заң жобасының 40-тан астамын "Nur Otan" фракциясының депутаттары әзірледі.

Сонымен қатар Елбасына еліміздің дағдарысқа қарсы дамуын заңнамалық қамтамасыз ету аясында экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі Үкіметтің Кешенді жоспарына парламенттік фракцияның әзірлеген ұсыныстары туралы мәлімет берілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: