Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 50 жағдайы тіркелді
Сурет: zakon.kz
19 мамырдағы мәлімет бойынша, Шымкентте коронавирус инфекциясы 485 адамнан анықталды.
Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 50 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.
ПТР диагностикалық зерттеулерінің нәтижелері бойынша, Шымкент қаласының 50 тұрғынынан COVID-19 диагнозы нақтыланды:
олардың 24-і - науқаспен өте жақын қарым-қатынаста болғандар, 5-і - алдында ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылғандар, 21-і - жаппай тексеру кезінде анықталды. Олардың барлығы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Емдеу бекітілген хаттамаға сәйкес жүргізіледі.
Алдын алу шаралары үшін науқастармен байланыста болатын тұлғалар анықталады.
Ауру ошақтарында дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.
19 мамырдағы мәлімет бойынша, Шымкентте коронавиру инфекциясы 485 адамнан анықталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript