Жаңалықтар тізбегі
0

Мұғалімдер қашықтықтан оқыту бойынша арнайы курстардан өтетін болады - министр

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2020 22:15 inform.kz
Министр мұғалімдерге компьютерді қосып-өшіріп, сондай-ақ zoom платформасын қолдануды үйрету жеткіліксіз екенін айтты.

Біз қазір мұғалімдерге арналған қашықтықтан оқыту курстарын дайындап жатырмыз, деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн-брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.

Біз курстар өткізіп, мұғалімдердің осы бағыттағы біліктілігін арттырамыз ба? Әрине, арттырамыз. Біз қазір осындай курстарды дайындап жатырмыз. Өз басым, осы негіздегі бағдарламаның бірнеше нұсқаларын көріп, қарап шықтым. Қазір біз осы бағытта жұмыс жасап, зерделеп отырмыз. Бұл арада ғылыми жағына басымдық берілуі керек, - деді Аймағамбетов.

Оның айтуынша, бұл мәселеде ғылыми жағына басымдық берілуі қажет, өйткені компьютерді қосып-өшіріп, сондай-ақ zoom платформасын қолдануды үйрету жеткіліксіз болады.

Бұл мүлде ондай нәрсе емес. Мен үнемі дұрыс түсінулерін сұраймын, бұл ретте біз IT-құзіреттіліктер, оқыту әдістері, тапсырмаларды қалай беру, қашықтағы жүйе арқылы қалай жұмыс істеу керектігі сияқты кеңірек мәселелер туралы айтамыз. Міне, осы құзіреттіліктердің барлығы әріптестерімізге үздіксіз білім беру аясында оқытылатын арнайы модульдің курсында қамтылатын болады, - деп түсіндірді министр.

Оның айтуынша, болашақ мұғалімдер дәстүрлі оқыту тәсілі, сондай-ақ қашықтықтан оқыту тәсілі арқылы да білімдерін жетілдіріп, оқуды тәмамдауы керек.

Сонымен қатар, біз барлық ректорларға жоғары оқу орындарын мұғалімдерді даярлауда осы жүйе аясында қашықтықтан оқытудың міндетті модулін енгізіп жатқандығымызды айттық. Болашақ мүғалімдер университетте оқып жатқан кезде де осы технологиялардың, техниканың және құзыреттің бәрін игеруі керек, - деп сөзін түйіндеді Аймағамбетов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: