14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

frequentflyers.ru frequentflyers.ru
Осылайша мемлекет туристік салаға қолдау көрсеткісі келеді.

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

14 жасқа дейінгі жас балалар ішкі рейстерде тегін ұша алады. Бұл жеңілдік бір отбасының ең көп дегенде төрт баласына жарамды, - деді ол.

"Хабар 24" мәліметі бойынша, сонымен бірге туристік аймақтардағы дәретханаларды ұстауға кететін шығынды да мемлекеттің субсидиялау жайы да айтылып жатыр. Жол бойындағы сервис нысандарын салуға қатысқан кәсіпкерлер бұл бағытқа жұмсалған қаражаттың төрттен бір бөлігін қайтара алады. Билік осындай шаралармен бұл саланы қолдағысы келеді.

2025 жылға қарай республикамыз 3 миллионға жуық шетелдік және 8 миллион отандық туристерді қабылдауы болжанады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз