Жаңалықтар тізбегі
0

Карантин кезінде той тойлаған полиция қызметкері уақытша жұмыстан шеттетілді

vera.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2020 17:52 vera.kz
Ішкі аудит жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі 2020 жылдың 1 маусымында тәртіптік комиссияның отырысында жарияланады.

Карантин кезіне қарамастан Жетісайдағы тойға қатысқан Шымкенттің Еңбекші ауданы полиция бөлімінің қызметкері жұмыстан уақытша шеттетілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Vera.kz басылымының хабарлауынша, тойдың видеосы WhatsApp-та тарады. Төтенше жағдай кезінде әйелдер мен ер адамдар бір дастарханда бас қосқан, үстелде тамақтан басқа алкоголь ішімдіктеріне ұқсас бөтелкелер де бар. Бұл чаттағы көп видео болып артынан ұмтылып та кетер еді, егер оны көргендер видеодан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлерін танып қоймағанда. Видеода олар бірге ән шырқап, естелік үшін тойхананың залында суретке түседі.

Видеодағы карантинді бұзушылар дереу арада табылып, бұл жиынның 24 мамырда "Жетіген" тойханасында болғаны анықталды.

Жетісай аудандық жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабы бойынша материалдар жинап, ары қарай шешім қабылдап, қылмыстық қудалау үшін оны учаскелік санитарлық дәрігерге тапсырды, деп хабарлайды Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шымкент қалалық полиция бөлімі ол қызметкердің кім екенін анықтап, қызметтік тексеру тағайындады.

24 мамырда Жетісай қаласының "Жетіген" мейрамханасында мектеп бітірушілердің 20 жылдықтың құрметіне той болған. Оған 15 адам қатысқан, оның ішінде Еңбекші ауданының полиция бөлімінің қызметкері де болды. Қазіргі уақытта бұл қызметкер ішкі аудитке байланысты уақытша жұмыстан шеттетілді. Оның нәтижесі 2020 жылдың 1 маусымында тәртіптік комиссияның отырысында жарияланады, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: