Лукашенко елдегі өзіне қарсы "майданутый" халықпен күресуге дайын

Президенттің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2020 22:20 Президенттің баспасөз қызметі
Белорус лидерінің "елдің жауы" дегені – "Лукашенкоға қарсы дауыс береміз" деп әр жерде митингке жиналып жатқан адамдар болса керек.

Бүгін Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің бастығы Валерий Вакульчикпен кездескен белорус басшысы Александр Лукашенко "желдің қайдан соғып жатқанын білемін" деді, деп хабарлайды zakon.kz.

Президенттің сөзінше, "белорус жеріне қарсы жел айдап, біреулер қастандық істегісі келеді. Бірақ мемлекет ондай әрекеттерге қарсы қалай күресуді жақсы біледі".

Белорус лидерінің "елдің жауы" дегені – "Лукашенкоға қарсы дауыс береміз" деп әр жерде митингке жиналып жатқан адамдар болса керек.

Бұл жолы билігіне үлкен қауіп төніп тұрғанын сезген Лукашенкоға қазіргі жағдай әлбетте, ұнамайды. Ол өзінің соңғы мәлімдемесімен сайлаудағы бәсекелестерінің көзін құртуға мықтап бекінгенін байқатты.

"Біздің мемлекетіміздің тарихына қараңыз, советтік тарихымызға үңілсек, Беларуське үнемі сыртқы жау көзін алартып тұрады. Бірақ қазіргі Белоруссияның жақсы қасиеті – біз ондай қауіп-қатерлермен күресуді үйрендік. Бұрын күресе алмайтынбыз. Содан ғой, бұрын егеменді, тәуелсіз мемлекетіміздің болмай келгені", - деді ол.

Елде Лукашенкоға бәсекелес болайын деген Сергей Тихановский және тағы кемінде он-шақты адам қамауға алынған.

Елдегі кезекті президент сайлауы 2020 жылдың 9 тамызына жоспарланған.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: