Жаңалықтар тізбегі
0

Судьялар онлайн сотта ойына келгенін істей бастады

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2020 16:28 видеодан кадр
Интернет нашар. Судья отырады. Ұнаса қосады, ұнамаса, өшіріп тастайды.

Судьялар ойына келгенін істейді! Онлайн өтіп жатқан сот процесіне наразы тұрғындар жиналып осылай деп базынасын айтты. Бірер азаматтың құқығын қорғап жүрген Талас Сағымбаев әркімде онлайн қосылатын мүмкіндіктің жоқ екенін де айтады. Адвокат процестердің бұлай құрылуының өзіне наразы.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Талас Сағымбаев, адвокат:

"Қазақстанда онлайн сот өткізу деген заң жоқ. Мәжіліс, сенат парламент ондай заңды қабылдаған жоқ. Оны қарастырған да жоқ. Екіншіден бізде ондай указ да жоқ. Осылай онлайн сот өткізудің. Тек судьяның картинкасын көреміз. Одан басқа прокурорды көрмейміз. Интернет нашар. Судья отырады. Ұнаса қосады, ұнамаса өшіріп тастайды. По приципу я начальник ты дурак. Ойына не келеді соны істейді".

Ал, карантиндік режимде жұмыс істеп жатқан сот саласының өкілдері азаматтарға әділдік орнатушылардың қызметін қайта жанданған басқа салалармен салыстырмауға шақырды. Онлайн өтетін сот процестерінің саны орта есеппен күніне 4 жарым мыңнан асып кеткен. Серверге жүктеме көбейгендіктен, сапаның нашарлауы байқалады екен.

Айдос Сәдуақасов, ҚР Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы:

"Белгілі бір сот ғимараты карантинге жабылған жағдайда оның қызметін келесі сот ауыстыра алмайды. Бұл заңға қайшы. Екіншіден, жекелеген қылмыстық процестерді бетпе-бет, жүзбе-жүз отырысына ауыстыруға, азаматтарды тергеу изоляторынан сот залына алып келудің қиындығы әсер етуде. Сондықтан аталған талаптар карантин мерзімі аяқталғанша соттар өз жұмысын онлайн форматты жалғастыра беретін болады".

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: