Жаңалықтар тізбегі
0

Өзімнің үш қызым бар – жезөкше ролигінің авторы ағынан жарылды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2020 17:38 видеодан кадр
Өңір басшысының орынбасары орындаушыға ақша аударылғанын растады.

Біздің түпкі мақсат қазақтың ұлттық тəрбиесін сақтап қалу! Жезөкшелік туралы таласқа толы роликтің режиссеры Серік Таласов түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қоғамдағы кез-келген келеңсіздікті ашық айтып, қаз-қалпында жеткізбейінше онымен күресу қиын дейді. Бюджеттен алты миллион алып, қыздардың арына тиетін дүниені кім түсірді? Тапсырысты тендер ойнатып, әкімдіктің бергені рас па? Өңір басшысының орынбасары орындаушыға ақша аударылғанын растады. Алайда жауапты басқарма басшысы бұл түсірілімге бір тиын да берілмеді дейді. Кімге сенеміз?

Қоғамның ойын қақ жарған бейнеролик осы. Бас аяғы 5 минут. Оқиға желісі бойынша, көшеде қысқа киінген қыз такси ұстап тұрады. Қасына қымбат көлік кеп тоқтап, бұрымды отыра кетеді. Төсек десе өсек көп. Ғаламтор беттері у-шу. Пікірлер қыздар мен жігіттер боп екіге бөлінді. Даттағандар да, жақтағандар да жетеді. Роликтегі ер адам рөліндегі актер тәрбие беремін деп отырып, өзінің де етекке көзі түскенін байқамай қалды, ол да күнә, өз нәпсінін тыя алмаған адам өзгеге ақыл айтып, өзгені жөндемекші болады.

Көз сүрінген коммент иелерімен атышулы роликтің авторы Серік Талас сөз таласпаймын дейді. Өйткені әркімнің өзі пікірі бар.

Серік Таласов, режиссер:

"Бұл роликті түсірген себебіміз, қоғамда қазір көп жерге барсаң да, ашық-шашық киінеді қыздар. Оны көріп, атап өтсем, менің үш қызым бар. Солардың болашағынан қорқамын. Әркімде де қыз бала бар. Бірақ, "тәрбие- тал бесіктен" деп бекер айтылмаған. Біздің мақсатымыз бұл жерде ешкімді жезөкше емес, қазақтың қызы болса, хиджаб ки деп тұрған жоқпыз, қазақтың қызына сай киін деп астарлы сөзбен біраз мағына бар, әркімнің түсінігіне қарай. Сондықтан ешкімді жаман қылып көрсеткіміз келген жоқ".

Иә, бәлкім, автор ескінің әдебіне салып естінің құлағына жеткізе алмаған болар.

Асхат Садырбай, Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі, журналист:

"Қыз бұзылса, ұлт бұзылады дейді. Қыздың тәрбиесіне біздің халқымыз қашан да ерекше көңіл бөлген. Бірақ бұндай әлеуеттік идеологиялық роликтерді кішкене заманға сай етіп басқа сипатта беру керек пе еді".

Көпшіліктің қытығына тиген роликтің идеясы ғана емес, шығыны да. 6 млн 200 мың теңге жұмсалыпты деген сыбыс тарады.

Жандос Қалтаев, Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы:

"Роликке мемлекет тарапынан ақша бөлінген жоқ. Бұл тікелей "Талас фильм" компаниясының өзінің қаражатына, өзінің идеясымен, өзінің сценарийімен жасалынған".

Ал 6 млн алды деген ақпарат, басқа 5 роликтің ақшасы екен. Тендер арқылы "Талас фильм" компаниясы жеңіп алған. Оны жергілікті әкімдік бөлген. Бірақ бұл қаржының резонансты роликке қатысы жоқ. Сонда тапсырыс берілмесе видео неліктен әкімдікке қарайтын ұйымның атынан жарияланып отыр? Себебін жастар ресурстық орталығына қарайтын ұйымдардың әріптестігі негізінде логотипті рұқсатсыз қолдана беруге болады деп түсіндірді. Қоғам дұрыс қабылдамаған соң, ролик сайттан алынып тасталды.

Әйтсе де, ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева болашақта әр видеоны жіті тексеріп барып, жариялауды тапсырды!

Министр ескерту жасады, видео өшірілді, бірақ кей қыздар ашуға булығып, намысымды таптады деп ренішін өзінше білдіріп жатыр.

Асхат Садырбай, Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі, журналист:

"Кейбір қыздарымыз флешмоб ұйымдастырып жатыр. Осы роликке ерегісіп, енді олар азір әлеуметтік желіге өздерінің қысқа киген суреттерін салып жатыр".

Жігіттер жағы да үнсіз қалмады. Иә, көп айтты ма, дөп айтты ма автор, кім білсін! Қоғамда қысқа киген қарындастарға қатысты екіұдай пікір бұрыннан бар. Мәселе бұл видеода емес, мәселенің төркіні түсінгенге тереңде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: