Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе әкімі алты айлық бүлдіршінді алдап кетті

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2020 19:07 видеодан кадр
Кезінде сүйіншілетіп, жарыса сұхбат берген атқамінерлер кейін Әлинұр туралы ұмытып кетті.

Әкім сөзінде тұрмады. Ақтөбенің 500 мыңыншы тұрғыны дүниеге келгенде сүйіншілеген шенділер оған қаладан бір пәтер уәде етіп, тілшілерді шақырып, газет-жорналдардың бәріне жазғызып, дабыра қылып еді, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қала тарихында аты жазылған Әлинұр бала туралы шенділер ұмытып кеткен сияқты. Ол отбасымен көпқабатты үйдің қоймасында тұрып жатыр. Ал әкесі болса, "Әу баста-ақ басыбайлы баспана бере қояды дегенге күмәнмен қарап едім, ипотеканың өзіне жете алмай отырмыз ғой", - депті тілшіге.

Алты айлық бүлдіршін де де бұл куәліктің өзіне бекер берілмегенін сезетін сыңайлы. Оны сол кезде қала әкімі болған Мавр Абдуллиннің өзі перзентханаға барып тұрып табыстаған еді. Куәлікте Әлинұр Ақтөбенің 500 мыңыншы тұрғыны екені жазылыпты. Ол Тәңірберген мен Эльвираның төртінші перзенті. Сол кезде сүйіншілетіп, жарыса сұхбат берген атқамінерлер кейін Әлинұр туралы ұмытып та кеткен сыңайлы.

Эльвира Досқали, анасы:

"Бүкілі жазды, көрсетті әр жерде, ТВдан журналистер келді. Газетке жазған 2020 жылдың наурыз айынан бастап кілт табысталады деген "Бақытты отбасымен".

Отбасының көпқабатты үйдің қоймасында тұрып жатқандарына 12 жылға жуықтапты. Қуықтай жерді Тәңірберген мүмкіндігінше ыңғайлап қойған. Тозығы жеткен құбырларын жөндеп, дәретхананы да өз қолымен орнатқан.

Біреуге қол жайып, көрінегеннен көмек сұрауды ар санайтын жас жұбайлар барға қанағат етеді. Тіпті сұхбат барысында да "ешкімнен ақша сұрамаймыз, тегін ештеңе керек емес" дегенді қайталаумен болды.

Тәңірберген Ділмағамбетов, әкесі:

"Тегін үй сұрамаймын үкіметтен, тегін беріңдер деп. Қажет емес. 20 жылға берсін кредитке. Төлеуге дайынмын. Тек келіншегімнің атына аударып берсе деп едім. Мен өз атыма келмейді, менің қарыздарым бар".

Отағасы жеке кәсіпорында көлік жүргізеді. Эльвира бала күтімімен үйде отыр. 120 мың теңге табыс күнделікті ас-судан, кезінде қажеттеріне алған несиеден артылмайды екен. Дегенмен, көпбалалы отбасы мемлекеттік бағдарламаға ілігіп, баспаналы бола алады, деп үміттендірді тұрғын үй бөліміндегілер.

Жанаргүл Дүйсекенова, қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы:

"Мына отбасы бағдарламаға қатысқан жоқ. Алдағы уақытта қатыса алады. Осы отбасының ерлі-зайыптыларының төлем қабілеттілігі банк арқылы тексеріледі".

Ақтөбе бойынша баспана кезегінде 24 мың адам тұр. Ал былтыр "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында 400 жанұя үйлі болыпты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: