Жаңалықтар тізбегі
0

Үш үнді сарбазы Қытай әскерилерінің қолынан қаза тапты

EADaily, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2020 21:31 EADaily
Үндістандық әскерилердің өлімі соңғы екі онжылдықтағы қос державаның қарама-қайшылығы ушыққанда туындаған алғашқы оқиға болды деп саналады.

Даулы Кашмир аймағындағы Ладака елді-мекеніндегі әскери қақтығыс кезінде қытай әскерлері қолынан үш үнді сарбазы қаза тапты. Бұл туралы ВВС жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазір екі жақтың әскери шенеуніктері жағдайды реттеу үшін келіссөздер жүргізіп жатқандығы хабарланады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Қытай Үндістанды біржақты әрекеттер жасамауға және жағдайды ушықтырмауға шақырды. Қытай Үндістанды шекарадан өтіп, қытай әскерлеріне шабуыл жасады деп айыптады.

Қытай СІМ өкілі Чжао Лицзянның айтуынша, 15 маусымда үнді әскери күштері біздің келісімдерімізді өрескел бұзып, заңсыз әрекеттерге барып, екі рет шекарадан өтіп, қытай әскерлерінің қолына қару алуына мәжбүрлеп, арандаттып, соның салдарынан бұл жайт қос тараптың әскери қақтығысына әкеліп соқты. Қақтығыс екі ел арасындағы шиеленіс жағдайында орын алды. Үндістан бұған дейін Қытайды Ладак алқабына мыңдаған әскер жіберді деп айыптаған. Үндістандық әскерилердің өлімі соңғы екі онжылдықтағы қос державаның қарама-қайшылығы ушыққанда туындаған алғашқы оқиға болды деп саналады. Осы уақытқа дейін 1962 жылы Үндістан жеңіліске ұшыраған кезде екі елдер арасында тек бір рет соғыс болды.

Қытай мен Үндістанның арасында Кашмирдің солтүстігіндегі таулы аймаққа, сондай-ақ Аруначаль-Прадештің солтүстік-шығыс штатында 60 мың шаршы шақырымға иелік ету туралы ұзақ уақыттан бері аумақтық дау бар. Нақты басқару жүйесі Ладак аймағына тиесілі. 1962 жылдың күзінде бұл дау шекара соғысына ұласып кетті. 1993 және 1996 жылдары Қытай мен Үндістан даулы аудандарда бітімгершілік келісімге қол қойды. Соңғы жылдары екі ел арасындағы ең маңызды қарама-қайшылық 2017 жылдың жазында болды, бұл кезде Қытайдан келген жұмысшылар Қытай, Үндістан және Бутан шекараларының жақын маңдағы таулы аймақта орналасқан Доклам үстіртінің үстінен тасжол сала бастады.Содан кейін Бутан билігі наразылық білдірді, бұны Қытай жағы елемеді. Осыдан кейін Үндістан бұл мәселеге араласты: оның әскерлері мемлекеттік шекарадан өтіп, қысқа қақтығыстардан кейін ҚХР әскери күштерін үстірттен әкеткен. Бірнеше айдан кейін, бірқатар кеңестерден кейін Үндістан мен Қытайдың сыртқы істер органдары Докламда әскери күштерді орналастыру туралы келісімге келгендерін мәлімдеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: