Балабақшада балаларды құлағынан сүйреген тәрбиешісінің видеосы тарады

видеодан кадр видеодан кадр
Бұрышқа барғысы келмей, құлап қалған тағы бір баланы жұлқылап, әудем жерге сүйреп апарып тастаған.

Алматыдағы мектепке дейінгі бір мекемеде бүлдіршіндердің құлағынан ұстап сүйреген тәрбиешінің видеосы желіні шулатып жатыр. Бейнебақылау камерасындағы жазбадан тәртіпке бағынбаған балаларды ары да, бері де сүйреген әйелді көруге болады, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Бұрышқа барғысы келмей, құлап қалған тағы бір баланы жұлқылап, әудем жерге сүйреп апарып тастаған. Ал видеодан кешірім сұрап жатқан тәрбиешінің даусы естіледі. Яғни, бар былық белгілі болған соң, ата-аналар мәселенің мән-жайын анықтауға директордың кабинетіне келсе керек.

"Апай, бір жолға кешірім беріңізші маған. Пожалуйста, апай! Әйелсіз ғой, түсініңізші мені! Келесіде қайталанбайды, маған сабақ болады бұл".

Қуандық Ешмет, Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы:

"Мән жайды анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Балабақшаның басшысынан бастап, барлық қызметкеріне аталған факт бойынша заңға сәйкес шара қолданылады. Видеодағы дауыстардың кімге тиесілі екені әлі нақтыланады. Бірақ заң алдында бәрі бірдей. Тексеріс аяқталған соң қосымша мағлұмат береміз".

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз