Орынбасары коронавирус жұқтырса да министр Нұрымбетов жұмыс орнында отыр

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2020 21:36 primeminister.kz
Өйткені бұл министрліктегі жұмыс көптен бері қызметкерлерінің тікелей байланысынсыз атқарылатын жағдайға сай құрылған екен.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жұмыс орнында өз ісін қалтқысыз атқарып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін, 19 маусымда Еңбек вице-министрі Ерлан Әукеновтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі ауырып қалған орынбасардың басшысы - Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов әдеттегідей өз орнында жұмысын істеп жатқанын хабарлады.

Біздің министрліктің жұмысы көптен бері қызметкерлерінің тікелей байланысынсыз атқарылатын жағдайға сай құрылған. Жұмыс заманауи байланыс құралдары мен телефон арқылы жүзеге асырылады. Оның үстіне қызметкерлер тұрақты түрде коронавирус инфекцияссына ұдайы тексеріліп отырады. Министр жұмыс орнында, әдеттегідей жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли коронавирус инфекциясын жұқтырды.

Денсаулық сақтау министрінің коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже бергендіктен, Премьер-министр мен бірқатар басқа министрлер оқшаулануға мәжбүр болды. Бүгін олар өздігінен оқшаулану режимінен шықты, өйткені олардың қайталап тапсырған қанынан COVID-19 диагнозы расталмады.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: