Жаңалықтар тізбегі
0

Астаналық дәрігер: Жұмыс істегеніме - 28 жыл, бірақ мынандай сұмдықты бірінші рет көрдім

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2020 18:25 видеодан алынды
Ақыры жүйкені тыныштандыратын дәріні қабылдауға көштік. Енді не істейміз, басқа амал жоқ, төрт ай бойғы қатаң режимдегі біздің жұмыс - нағыз тозақ іспетті.

Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының бас инфекционист маманы Сәуле Атығаева қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде қазір не болып жатқанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Егер 28 қаңтардан бастап есептесек, онда біз бес ай бойына үйге бармай, қалтқысыз жұмыс істеп жатырмыз. Біздің аурухана елімізде төтенше жағдай жарияланған алғашқы күннен бастап бос болған емес. Ал соңғы аптада көп науқас десем, жәй айтқаным болар, біз ауыр халдегі науқастарды көп қабылдап жатырмыз. Қазір бұл ауруханада жатқан барлық науқастың 95% -ы - пневмония, тыныс алу жеткіліксіздігі және оттегіні қажет ететін науқастар. Біздің жан сақтау бөлімі науқастарға толып кетті, - деді Атығаева.

Бас инфекционист-маман Қазақстан халқын сақ болуға, өз денсаулығын ғана емес, сонымен бірге жақындарының денсаулығын да ойлауға шақырады. Ол күн сайын тұншығып, қиналған адамдарды көріп, жаны ауырады, оның айтуынша, мұның бәрі карантиндік шараларды сақтамаған.

- Мен 28 жыл бойына жұмыс істеп келемін, бірақ өмірімде мұндай сұмдықты көрмеппін. Көз алдында ауа жетпей адамдар көз жұмып жатыр, бірінен кейін бірі. Ал бұл адамдардың карантин туралы еш ойланбай, көшеге шығып, қонаққа барып, ауруды бір-біріне жұқтырғандығынан болып жатыр. Бұл - өте қиын жағдай. "Италиядағы сценарий ме" деп сырттай айыптап, кекетіп, бұған сенбей жатқандар бар көрінеді. Бірақ, міне көз алдымызда топырлап жатыр, қалай бұған сенбейсіз, біз қатты шаршап кеттік, ақыры жүйкені тыныштандыратын дәріні қабылдауға көштік. Енді не істейміз, басқа амал жоқ, төрт ай бойғы қатаң режимдегі біздің жұмыс - нағыз тозақ іспетті. Бұл - шынымен де өте қорқынышты, - деді Сәуле Атығаева.

22 маусымда Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 17 732 науқас тіркелді, оның 10 897-і емделіп, жазылды, ал 120 науқас қайтыс болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: