Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Жұмыссыз қалған әншілер таксист, аспаз сияқты жұмысты менсінбеуде

Әншілер елге еңбегі сіңген спортшылар сияқты тамақ тасып, қара жұмыс істеуге ұялатын сияқты.

Сурет : видеодан кадр22 Маусым 2020, 14:22

Елімізде тойға мараторий жариялау туралы бастама көтерілгенін естіген шоу-бизнес өкілдері, табыссыз қалатын болдық деп дабыл қағуда. Түрлі отбасылық кештерде үш-төрт ән айтып, қалтасына миллиондарды басатын "жұлдыздар" неге такси жүргізіп, аспаз болмайды? Әлде олар ақшасы аз, бейнеті көп кәсіптен қашқақтай ма?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Дәл қазіргі уақытта тойдың қарыштап дамып тұратын кезі еді. Асабалар той жүргізіп, әншілер ән айтып, би алаңы да бос тұрмайтын. Көріп тұрғандарыңыздай тойхана да бос тұр. Бұл тек асаба, аспазшы, музыканттардың ғана емес тіпті шоу бизнесте жүрген әншілерге де кесірін тигізіп жатыр.

Иә, қазақтың тойы бітпесін деп, үнемі той-думанның ортасында жүретін әншілерге бұл жыл оңай болмады. Той тоқтады. Ол аз десеңіз, бес жыл мораторий жариялау ұсынылды. Десе де, әр тойдан долларлап гонорар алатын әншілерге өздері емес, дәстүрлі әнші, педагог Рамазан Стамғазиев араша түсті. Егер мораторий қабылданса, тек тоймен жан бағып отырған әріптестеріне қиын болатынын айтады.

Рамазан Стамғазиев, дәстүрлі әнші:

"Төтенше жағдайлар болып жатқан кездерде тойды уақытша тоқтата тұруға болады. Бірақ бес жылға емес. Бес жылға мораторий жариялап тойды тоқтатып тастау дегенге бәрі қарсы шығады. Ал енді той деген мәселені бұл енді тек қана тоймен жанын бағып жүрген тойсыз күн көре алмайтын әншілер үшін бұл өте қауіпті. Қауіпті болғанда да өз жанын бағар бірақ бес жыл бойы бала-шағаны асырау керек".

Әншілікті кәсіп қылып, нәпақа тауып жүрген Серік Исахан той тоқтап қалса не істерін білмейтінін айтады.

Серік Исахан, әнші:

"Қазақ өзі ежелден тойшыл қауым. Отыз күн ойын, қырық күн тойын жасады дейді. Менің жаным сүйіп істейтін ісім осы тойға барамын, тойдан ләззат аламын. Көп адамдар тойда бір-бірін көрісіп жатады, танысып жатады, араласып жатады. Сондықтан той халықтың қазынасы дейді".

Өзін шоумендердің королі санайтын Нұрбек асаба алдағы күніне алаңдайды, әйтсе де басқа жұмыс іздемепті.

Нұрбек Саламатов, асаба:

"Қадыр-Мырза әлі атамыздың өзі айтып кеткен ғой "қазаққа тойсыз өткен өмір өмірге саналмайды" деп. Сол себепті тоймен өткізуіміз керекпіз деп ойлаймын. әзірге жиған тергенімізбен жәйлап өмір сүріп жатырмыз. Жұмыс қарағанда әзірге үмітпен күтіп жатырмын мен. Бұйыртса болады деп".

Ал, қоғам белсендісі даңғазалық пен дарақылығы көп тойды тыя тұруды жөн санайды. Егер, әншілер тойсыз күнін көре алмай жатса, басқа жұмыс істесін дейді.

Жұмамұрат Шәмші: қоғам белсендісі:

"Олар ойлайды да тек қана мен әнші жеңіл-желпі ақша тапқысы келеді. Маңдай тері терлемей ақша тапқысы келеді. Адам тойдан да басқа неше түрлі жұмыс табамын деген адамға бар ғой толып жатыр.Той индустриясын тоқтата тұрған дұрыс деп ойлаймын. Әншілердің бір клипты жазып алып сол клиппен бүкіл тойды айналдырып жүргенін сол тоже күлкің келеді. Жалпы тойды қадағалайтын комиссия ма, бірдеңе құрылу керек".

Елордадағы көлік тасымалдаушылар қауымдастығының атқарушы директоры Сәкен Ханхожин жұмыссыз жүргендерге мынандай ұсынысын айтты:

Сәкен Ханхожин, Нұр-Сұлтан қалалық Көлік тасымалдаушылар қауымдастығы ЗТБ атқарушы директоры:

"Бізден көптеген адамдар жұмыс сұрап келді. Олардың арасында әр түрлі мамандық иелері болды. Қазіргі таңда бізге жүргізушілер, операторлар қажет. Егер жұмыссыз қалған болсаңыз бізге жұмысқа келіңіз".

Рамазан Стамғазиев те әншілердің тойды күтіп жата беруіне қарсы. Мәселен, әріптестерін өзі сияқты ұстаздық етіп, шәкірт тәрбиелеуге шақырды.

Рамазан Стамғазиев, дәстүрлі әнші:

"Қазір мысалы үйде отырмау керек ендігі мәселе алдыңғы қатарлы ағалары, әпкелері сияқты педагогикамен жұмыс істесін. Жұмыс істесін кәдімгі профессионалды тек қана тойға барып түске дейін ұйықтап, түстен кейін ақша тауып сонымен ғана өмір сүру деген нәрсе ол уақытша екенін өздері де біледі ғой енді. Фундаментально дейді ғой сол өзінің оқыған профессиясымен қазір не көп қазір жұмыс жетеді қазір бала-бақшада, мектептерде, колледжерде маман керек".


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер