Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Ерлі-зайыптылар арматура үшін зираттарды қиратты

Оқиға Қостанай облысына қарасты Құсмұрын ауылында тіркелді.

Сурет : видеодан кадр26 Маусым 2020, 10:31

Ерлі-зайыптылар 20-дан астам ескерткіш пен қабір құлпытастарын қиратып тастады. Ішімдікке салынған екеуінің адам шошырлық әрекетін көрген ауыл тұрғындары полицияға хабар беріпті, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Арматураларды металл қабылдау пунктіне өткізу үшін күйеуі мен әйелі тапа-тал түсте марқұмдардың есімдері жазылған қабір тастарын сындырған.

Өткен ғасырдың 40-50-ші жылдардағы ескі бейіттерді бұзып жатқан екі тұрғын қылмыс үстінде қолға түсті.

Оқиға Қостанай облысына қарасты Құсмұрын ауылында тіркелді. Мұнда Ұлы Отан Соғысы кезінде осы елді мекенге қоныс аударған шешен диаспорасының өкілдері жерленіпті. Вандалдар сондай-ақ басқа да ұлт өкілдері зираттарының тас-талқанын шығарған.

Осы жайтқа қатысты полицейлер 314 бап бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бұл айыппұл төлеуді және 3 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер