Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Коронавируспен ауырған еркектер ертең бала туғыза алмауы мүмкін

COVID-19 ұрықтың белсенділігін 38%-ға азайтады.

Сурет : russian.rt.com5 Шілде 2020, 20:31

Коронавируспен ауырып алған еркектер болашақта бала туғыза алмайтын боп қалуы мүмкін, деген мәлімдеме жасалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің бас гинеколог маманы Елена Уварованың сөзінше, COVID-19 еркектердің шәуетін (спермасын) 38%-ға азайтады.

"COVID-19 індетіне байланысты әсіресе еркектердің бедеулігі мәселесі туындап отыр. Еркектерге жұққан коронавирус ұрық сапасын шамамен 38%-ға төмендетеді. Ал Ресей еркектерінің ұрығын онсыз да аса сапалы деуге келмейді", деді ол.

Бұған дейін ғалымдар коронавируспен бір ауырып тұрған әйелдерді де денсаулығына сақ болуға шақырған болатын. Бұл вирус ACE2 ақуызы (вирус ағзаға сол арқылы кіреді) көптеп шоғырланатын несеп-жыныс жүйесі органдарына зақым келтіреді-мыс. ACE2 ақуызы әйел ағзасындағы аналық жасушаның жетілуіне (овуляция), қысқасы, бала көтеру мен эмбрионның дамуына аса қажетті зат.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер